reservoir [ˈrezəvwɑː(r)] n 1. (табиғи я жасанды) су қоймасы, суқойма ♦The water content of the country's reservoirs had fallen to less than 50% of their capacity. – Елдің су қоймаларындағы су көлемі 50%-тен азайып кетті. ♦They got up early and went for a swim in the reservoir. – Олар таңертең(гісін) тұрып, су қоймасына жүзуге барды. 2. (formal) мол қор ♦We can tap into the vast reservoir of information available on the internet. – Интернеттегі информацияның мол қорын пайдалана аламыз. 3. (specialist) (машинада, тб жанармайға, тб арналған) бак, ыдыс, контейнер ♦an oil reservoir – май ыдысы, май құйылған ыдыс