resignation [ˌrezɪɡˈneɪʃn] n 1. қызметінен кету, қызметін тастау, отставка(ға кету) ♦a letter of resignation – қызметінен кететіні туралы хат ♦There were calls for her resignation from the board of directors. – Директорлар басқармасынан ол қызметінен кетсін деген үндеулер болды. ♦Further resignations are expected. – Тағы да отставкалар болады дейді. ♦to offer/hand in/tender your resignation – өзінің отставкасын ұсыну ♦We haven't received his resignation yet. – Оның қызметтен кету туралы өтінішін әлі алмадық. 2. (тағдырға, тб) мойынсұну, мойын ұсыну, көну, шарасыздық ♦They accepted their defeat with resignation. – Олар жеңіліске мойын ұсынды.