resist [rɪˈzɪst] v 1.қарсы болу/ шығу, қарсыласу (syn: oppose) ♦∼ smth They are determined to resist pressure to change the law. – Олар заңды өзгертуді көздеген қысымға қарсы болуға оқталған. ♦People naturally resist change. – Жұрт өзгеріске табиғатынан қарсы (келеді). ♦∼ doing smth The bank strongly resisted cutting interest rates. – Банк проценттік ставканы кесуге қатты қарсы болды. ♦Residents who oppose the plans are threatening to resist. – Жоспарға қарсы тұрғындар қарсыласамыз деп қорқытуда. 2.қарсы күш көрсету, қарсы шығу, қарсыласу ♦He tried to pin me down, but I resisted. – Ол мені жерге жығып, тыпыр еткізгісі келмеді, бірақ қарсыластым. ♦∼ smth She was charged with resisting arrest. – Оны тұтқындаған кезде қарсыласты деп айыптады. 3.көнбеу, қарсы болу ♦∼ smth I finished the cake. I couldn't resist it. – Тортты бітірдім. Өзімді тоқтата алмадым. ♦The Chancellor resisted the temptation to raise business taxes. – Қаржы министрі кәсіпорындардың салығын көтеруге қызықпады. ♦I found the temptation to miss the class too hard to resist. – Мойным жар бермей ақыры сабақты жібердім. ♦∼ doing smth He couldn't resist showing off his new car. – Ол жаңа машинасын көрсетпей тұра алмады. 4. ∼ smth төтеп беру, қорғану, тойтару ♦A healthy diet should help your body resist infection. – Дұрыс тамақ дененің инфекциядан қорғануына сеп болады. ♦The castle was built to resist attack. – Қамал жаудан қорғану үшін тұрғызылған.