resolution [ˌrezəˈluːʃn] n 1. (нақты) шешім ♦∼ to do smth She made a resolution to visit her relatives more often. – Ол туыстарға жиірек барып тұруым керек деп шешті. I made a New Year resolution to give up smoking. – Жаңа жылда темекіні тастаймын деп шештім. 2.қарар, резолюция ♦to pass/adopt/approve a resolution resolution – қарар қабылдау/ құптау The UN Security Council unanimously adopted a resolution calling for a halt to hostilities. – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі дұшпандық әрекеттерді тоқтатуға шақырып, бір ауыздан қарар қабылдады. 3.мәселені реттеу, шешу (syn: settlement) ♦dispute/conflict resolution – дауды/ жанжалды реттеу The government is pressing for an early resolution of the dispute. – Үкімет дауды тезірек реттеуге күш салуда. 4.өжеттік, батылдық, нықтық (syn: resolve) ♦The reforms owe a great deal to the resolution of one man. – Реформалар бір кісінің батылдығының арқасында мүмкін болды. Her resolution never faltered. – Ол қашан да өзіне(-өзі) нық еді. 5.тұнықтық (телевизордың, монитордың, тб бейнені тұнық көрсете алу деңгейі, орысша: разрешение) ♦The higher the resolution, the sharper the image. – Тұнықтығы анық болған сайын бейне де анық. a monitor capable of a 1 024 by 768 pixel resolution – шамасы 1 024 х 768 пиксель монитор