resolve [rɪˈzɒlv] A.v (formal) 1. (мәселені) шешу, реттеу (syn: settle) ♦∼ smth to resolve an issue/a dispute/a conflict/a crisis – мәселені/ дауды/ жанжалды/ дағдарысты (кризисті) шешу/ реттеу ♦Attempts are being made to resolve the problem of security in schools. – Мектептердегі қауіпсіздік мәселесін реттеу үшін күш салынуда. ♦Both sides met in order to try to resolve their differences. – Келіспеушіліктерін реттемек болып екі жақ кездесті. 2.нық шешу, нық ниеттену, оқталу ♦∼ to do smth He resolved not to tell her the truth. – Ол оған шындықты айтпаймын деп шешті. ♦∼ (that)… She resolved that she would never see him again. – Ол (әйел) енді оны (еркекті) ешқашан көрмеймін деп шешті. ♦∼ on doing smth We had resolved on making an early start. – Ертерек кірісетін болып шештік. 3.шешім шығару/ қабылдау, шешу ♦it is ∼d that… It was resolved that the matter be referred to a higher authority. – Мәселені жоғары билік орындарына беретін болып шешті. ♦The committee unanimously resolved that the party chairman should step down. – Комитет партия жетекшісі орнынан түсуі керек деп бір ауыздан шешті. 4. (phr v) *resolve into smth | resolve smth into smth бөлшекте(н)у, бірнеше бөлікке бөл(ін)у ♦to resolve a complex argument into its basic elements – күрделі дәлелді бірнеше негізгі бөлікке бөлу ♦(ауысп мағ) The orange light resolved itself into four lanterns. – Қызғылтсары жарық жақындай келе төрт шам болып шықты. ♦(ауысп мағ) The discussion eventually resolved itself into two main issues. – Талқылау басты екі мәселеге тірелді. B.n (formal) табандылық, өжеттік, батылдық, мойымастық, жігер (syn: resolution) ♦The difficulties in her way merely strengthened her resolve. – Жолындағы қиындықтар оның жігерін жани ғана түсті. ♦It was a test of his stamina and resolve. – Бұл оның төзімі мен табандылығына сынақ еді. ♦She did not weaken in her resolve. – Ол ешбір тайсалмады. ♦∼ to do smth The government reiterated its resolve to uncover the truth. – Үкімет шындықты ашпақ екенін тағы да нығарлап айтты.