respect [rɪˈspekt] A.n 1. ∼ (for smb/smth) құрмет, сый, қадір, ардақ (opp: disrespect) ♦I have the utmost respect for her and her work. – Оның өзі мен еңбегін өте қадірлеймін. ♦They feel a deep and mutual respect for each other. – Олар бірін-бірі терең құрметтейді. ♦It was a noble effort that deserves respect. – Бұл құрметтеуге лайық өнегелі/ текті әрекет еді. ♦She soon earned the respect of her colleagues. – Көп ұзамай әріптестері оны сыйлай бастады. ♦You did a great job. Respect! – Істің иін қандырыпсың. Жарайсың! 2.құрмет, сый, әдеп(тілік), сыпайылық (opp: disrespect) ♦∼ for smb/smth to show a lack of respect for authority – билік орындарын құрметтемеу ♦They have a deep respect for the natural world. – Олар табиғатты аялайды. ♦He has no respect for her feelings. – Ол оның сезімдерін елемейді. ♦Everyone has a right to be treated with respect. – Кімнің болсын/ Әркімнің құрметтелуге хақы бар. ♦A two-minute silence was held as a mark of respect. – Құрмет ретінде екі минуттық үнсіздік болды. ♦out of ∼ (for smb/smth) Out of respect for my friend, I didn't say anything. – Досымды сыйлағандықтан, ешнәрсе демедім. 3. in… respect бірн-ң қыры/ жағы, тб ♦In this respect we are very fortunate. – Бұл жерде/ жағдайда жолымыз болыпты. ♦This has been a difficult year in many respects. – Көп жағдайда бұл жыл қиын болды. ♦There was one respect, however, in which they differed. – Алайда, олар бір мәселеде өзара келіспеді. 4. (idm) *in respect of smth (formal or business) a) туралы, жайлы, хақында; қатысты ♦A writ was served on the firm in respect of their unpaid bill. – Төлемеген счеты үшін компания ресми ескерту алды. b) төлем ретінде ♦money received in respect of overtime worked – артық уақыт істегені үшін төлеген ақша *pay your respects (to smb) (formal) біреуге барып амандасу; біреуге сәлем жолдау ♦Many came to pay their last respects. – Жерлеу рәсіміне көп адам келді. *with respect | with all due respect (formal) сізді/ сені құрметтеймін, бірақ... ♦With respect, I think you’re wrong. – Сізді құрметеймін, бірақ сіздікі қате деп ойлаймын. ♦With all due respect, the figures simply do not support you on this. – Сізге құрмет, алайда, сандар/ цифрлар айтқандарыңызды растамайды. *with respect to smth (formal or business) (бірн-ге) қатысты, байланысты ♦The two groups were similar with respect to income and status. – Табыстары мен деңгейлеріне келгенде екі топ бір-біріне ұқсас еді. B.v 1. ∼ smb/smth құрметтеу, құрмет тұту, сыйлау, қадірлеу, ардақтау ♦I respect Jack's opinion on most subjects. – Көптеген мәселелерде Джәктің пікірін құрметтеймін. ♦She was a much loved and highly respected teacher. – Ол ардақты да сыйлы мұғалім еді. 2. ∼ smth құрметтеу, ескеру, сыйлау, түсінікпен қарау ♦Employers must respect employees' privacy. – Жұмыс берушілер қызметкерлердің оңашалығын құрметтеуі керек. ♦to respect other people’s property – басқа адамдардың дүние-мүлкін құрметтеу ♦I respect your right to disagree. – Келіспеу хақыңды құрметтеймін. ♦She promised to respect our wishes. – Ол біздің тілектерімізді ескеруге уәде етті. 3. ∼ smth (заңды, тб) құрметтеу ♦The new leader has promised to respect the constitution. – Жаңа жетекші конституцияға құрметпен қарауға уәде етті. ♦to respect human rights – адам хақтарын құрметтеу