responsible [rɪˈspɒnsəbl] adj 1.жауапты, міндетті ♦∼ for doing smth Mike is responsible for designing the entire project. – Майк бүткіл жобаны әзірлеуге жауапты. ♦I'd like to talk to whoever is responsible here. – Бұл жерде/ жерге жауапты кез-келген адаммен сөйлескім келеді. 2.жауапты, кінәлі, айыпты ♦∼ for smth Who's responsible for this mess? – Мына былыққа кім жауапты? ♦Everything will be done to bring those responsible to justice. – Кінәлілерді заң жүзінде жауапқа тарту үшін барлық нәрсе істеледі. 3.себепкер, себеп болатын ♦He believes that man-made carbon dioxide is directly responsible for global warming. – Ол жаһандық жылынуға адамның тіршілігінен болған көмір қышқыл газы себепкер дейді. ♦Hormonal changes may be partly responsible for these mood swings. – Гормондағы өзгерістер осы көңіл-күй толқуларына ішінара себепкер болуы мүмкін. 4.сенімді, сенуге болатын, саналы, сауатты, ұқыпты (syn: conscientious) (opp: irresponsible) ♦The child should be accompanied by a parent or other responsible adult. – Баланы ата-ана не басқа сенімді ересек ертуі керек. ♦to act as responsible citizens – саналы азамат сияқты әрекет ету ♦the importance of using medicines in a responsible manner – дәрі-дәрмекті сауатты қолданудың маңызы ♦Clare has a mature and responsible attitude to work. – Клейр жұмысқа байсалды, саналы көзбен қарайды. ♦∼ with smth They are not very responsible with money. – Олар ақшаға онша ұқыпты емес. 5.жауапты, маңызды, жауапкершілігі көп ♦a responsible position – жауапты қызмет 6. ∼ to smb/smth жауапты, есепті ♦The Council of Ministers is responsible to the Assembly. – Министрлер кеңесі Ассамблеяға (парламентке) жауапты/ есепті.