rest [rest] A.n 1. the ∼ қалғаны, қалған нәрсе, басқасы ♦Take what you want and throw the rest away. – Керегін ал да(ғы) қалғанын лақтырып таста. ♦the ∼ of smth The country enjoys friendly relations with the rest of the world. – Ел басқа елдермен достық қатынаста. ♦How would you like to spend the rest of the day? – Күннің қалғанын/ Қалған күнді қалай өткізгің(і)з келеді? ♦for the ∼ of smth I'm not doing this job for the rest of my life. – Қалған өмірімде осы жұмыспен жүрмек емеспін. ♦The first question was difficult, but the rest were pretty easy. – Алғашқы сұрақ қиын болды, қалғаны біршама оңай болды. ♦the ∼ of smth Don't blame Alex. He's human, like the rest of us. – Алексті кінәлама. Ол да бәріміз сияқты адам. 2.дем алу, тынығу, демалыс, тынығыс ♦I had a good night's rest. – Түнде жақсы тынықтым. ♦We stopped for a well-earned rest. – Шаршағасын, тоқтап демалдық. ♦∼ from smth to have/take a rest from all your hard work – ауыр жұмыстан демалу ♦Try to get some rest - you have a busy day tomorrow. – Тынығып алсаңшы – ертең жұмысың көп. 3.таянатын/ сүйенетін нәрсе, таянғыш, сүйенгіш ♦an armrest – орындықтың шынтақтығы 4. (ноталар арасындағы) үзіліс 5. (idm) *and (all) the rest (of it) (informal) тағы сол сияқты, тағы басқалар, тағысын тағылар ♦He wants a big house and an expensive car and all the rest of it. – Ол үлкен үйі, қымбат машинасы және басқалары болғанын қалайды. *and the rest (informal) қымбат, көп, тб ♦‘It cost 250 pounds…’ ‘And the rest, and the rest!’ – «250 фунт болды...» «Қымбат-ақ!» *at rest a) (specialist) қимылсыз ♦At rest the insect looks like a dead leaf. – Қимылдамаса, насеком өлі жапыраққа ұқсайды. b) қайтыс болған ♦She now lies at rest in the churchyard. – Ол енді шіркеу ауласына жерленген. *come to rest тоқтау ♦His eyes came to rest on Clara's face. – Назары Клараның жүзіне келіп тоқтады. ♦The ball rolled down the hill and came to rest against a tree. – Доп ылдиға домалап, ағашқа барып тірелді. *for the rest (BrE, formal) басқа(сы), қалғаны; бұдан басқа ♦The salary in my new job is great, but (as) for the rest, I'm not impressed. – Жаңа жұмысымда жалақы жоғары, басқа алып бара жатқан ештеңесі жоқ. *give it a rest (informal) тыныш, сөйлеме дег мағ ♦Give it a rest! You’ve been complaining all day. – Жә, енді! Күні бойы шағымданудасың. *give smth a rest (informal) кідіру, тоқтай тұру *lay smb to rest жерлеу ♦George was laid to rest beside his parents. – Джорджды ата-анасының қасына қойды/ жерледі. *lay/put smth to rest жұрттың уайымын басу, бірн-ң қате екенін көрсету ♦Their smiling faces laid to rest the stories of an impending divorce. – Олардың жымиған жүздері олар ажырасады деген сөздерге тоқтау салды. *(there’s) no peace/rest for the wicked (usually humorous) [қ-з: peace (4)] *put/set smb’s mind at ease/rest [қ-з: mind (A6)] *the rest is history қалғаны тарих, қалғаны бәріне белгілі B.v 1.демалу, тынығу ♦The doctor told me to rest. – Дәрігер маған тынық/ тынығыңыз деді. ♦(figurative) He won't rest until he finds her. – Оны таппай ол тынбайды. ♦∼ smth He had to rest his injured knee for six weeks. – Ол жараланған аяғын алты апта қорыды. 2.сүйеу, қою, тіреу ♦∼ smth Rest your head on my shoulder. – Басыңды иығыма қой. ♦He rested his chin in his hands. – Ол иегін қолына сүйеді. ♦Their bikes were resting against the wall. – Великтер қабырғаға сүйеулі тұрған. ♦I settled back, my hands resting in my lap. – Қолдарымды тіземе қойып, шалқая отырдым. 3.мәселені қозғамау/ жылы жауып қою ♦The matter cannot rest there - I intend to sue. – Мәселе бұлай қалмайды – сотқа бермекпін. ♦And there the matter rested until an interested journalist uncovered the file. – Мәселе сонда, іздемпаз журналист істі тауып алмағанша жатқан. 4.жерлеу ♦She rests beside her husband in the local cemetery. – Оны жергілікті зиратқа күйеуінің қасына қойған. ♦May he rest in peace. – Топырағы торқа болсын. 5. (idm) *breathe/rest/sleep easy [қ-з: easy (B2)] *God rest his/her soul | God rest him/her [қ-з: god (4)] *rest assured (that…) (formal) (сөзге) сен, алаңдама, қам жеме ♦You may rest assured that we will do all we can to find him. – Қам жеме, оны табу үшін аянбаймыз. *rest your case a) I rest my case (sometimes humorous) айтарымды айттым, дәлелдерімді дәлелдедім b) (law) (адвокаттар) істі таныстырып/ баяндап болды ♦The prosecution rests its case. – Айыптаушы жақ істі баяндап болды. *rest/sit on your laurels (usually disapproving) тоқмейілсу, көңілі жайлану 6. (phr v) *rest on/upon smb/smth a) тәуелді/ кіріптар болу, (біреуге/ бірн-ге) сүйену ♦All our hopes now rest on you. – Бар үмітіміз енді сенде. b) қарау, көзі түсу ♦Her eyes rested on the piece of paper in my hand. – Көзі қолымдағы қағазға түсті. *rest on smth бірн-ге сүйену/ негізделу ♦The whole argument rests on a false assumption. – Бүткіл дәлел теріс пайымға сүйенген. ♦Our trade policy rests firmly on the foundation of free and open markets. – Сауда саясатымыз еркін әрі ашық рыноктарға берік сүйенеді. *rest with smb (to do smth) (formal) біреудің жауапкершілігі(нде)/ міндеті болу ♦It rests with management to justify their actions. – Олардың әрекеттерін ұқтыру/ ақтау басқарманың міндеті. ♦The final decision rests with the doctors. – Ақтық шешімді дәрігерлер шығарады.