restore [rɪˈstɔː(r)] v 1.қалпына келтіру ♦∼ smth The measures are intended to restore public confidence in the economy. – Шаралар қоғамның экономикаға деген сенімін қалпына келтіруді көздейді. Order was quickly restored after the riots. – Бұзақылықтан соң тәртіпті тез қалпына келтірді. The operation restored his sight. – Операция оның жанарын қалпына келтірді. He is now fully restored to health. – Ол енді толық айықты. We hope to restore the garden to its former glory. – Бақты бұрынғыша көрікті ете аламыз деп ойлаймыз. This cream claims to restore your skin to its youthful condition. – Мына крем/ май теріні бұрынғы жас күйіне келтіреді дейді. 2. ∼ smth (үй-жайды, тб) қалпына келтіру, реставрациялау ♦Her job is restoring old paintings. – Оның жұмысы – ескі картиналарды реставрациялау. 3. ∼ smth қалпына келтіру, қайта әкелу, қайтару, оралту (syn: reintroduce) ♦to restore ancient traditions – көне дәстүрлерді қайта әкелу Some people argue that the death penalty should be restored. – Кейбір кісілер өлім жазасын қайта әкелу керек дейді. 4. ∼ smth (to smb/smth) (formal) (дүние-мүлкін) қайтару, қайтарып беру ♦The police have now restored the painting to its rightful owner. – Полиция картинаны заңды иесіне қайтарып берді.