restricted [rɪˈstrɪktɪd] adj 1.шектеулі, шектелген ♦a restricted space – тар кеңістік ♦a restricted range of foods – тамақтың шектеулі (ғана) түрлері 2.шекте(л)ген, теже(л)ген, тартынған, именген ♦In those days women led fairly restricted lives. – Ол заманда әйелдерге тыйым жетерлік еді. 3. (заң, ереже бойынша) шектеу, тежеу ♦to allow children only restricted access to the internet – балалардың интернетке кіруін шектеу ♦(BrE) a restricted area – (жылдамдық, көлік қою, тб) шектелген тұс ♦∼ to smb/smth The tournament is restricted to players under the age of 23. – Турнирге 23-ке дейінгі ойыншылар ғана қатыса алады. 4. (басқа адамдардың кіруі) шектеулі, шектелген ♦to enter a restricted zone – шектелген аймаққа кіру 5. (BrE) (документ ж) шектеулі, құпия, тек қызмет бабында пайдаланатын (syn: classified) (opp: unrestricted) ♦a restricted document – шектеулі/ ҚБП документ ♦Access to the documents remains restricted to civil servants. – Бұл документтерді тек мемлекеттік қызметкерлер ғана пайдалана алады.