retainer [rɪˈteɪnə(r)] n 1. (қызметі үшін төлеген) ақша, еңбекақы ♦The agency will pay you a monthly retainer. – Агенттік сізге ай сайын ақша төлейтін болады. 2. (BrE) өзі жоқта жалдаған бөлмені, тб өзінде қалдыру үшін төлейтін шағын ақша ♦Check whether full rent or a retainer is required during vacations. – Каникул кезінде пәтерақы толық не жартылай төлене ме, тексер. 3. (NAmE) ретейнер (тісті түзейтін операциядан кейін оны бір қалыпта ұстап тұру үшін киетін нәрсе) 4. (old-fashioned) жалшы, малай