return [rɪˈtɜːn] A.v 1.оралу, қайту, қайта келу, қайтып келу ♦I waited a long time for him to return. – Оның оралуын көп күттім. ♦returning emigrants/exiles/refugees – оралып жатқан эмигранттар/ босқындар ♦∼ to… She's returning to Australia tomorrow after six months in Europe. – Ол алты ай Европада болып, ертең Австралияға қайтады. ♦∼ from… I returned from work to find the house empty. – Жұмыстан оралсам, үй бос (екен). 2.қайтару, қайтып/ қайтарып/ кері беру ♦∼ smb/smth to smb/smth We had to return the hairdryer to the store because it was faulty. – Бұзық болған соң, шаш кептіргішті дүкенге қайтаруымызға тура келді. ♦I must return some books to the library. – Кейбір кітаптарды кітапханаға қайтаруым керек. 3.қайта пайда болу, оралу, қайта айналып келу, қайтып келу (syn: reappear, resurface) ♦The following day the pain returned. – Келесі күні қайта шанши бастады. ♦Confidence returned and prices started to rise. – Рынокқа сенім оралды да бағалар өсе бастады. ♦The bad weather has returned with a vengeance. – Жаман ауа-райы долдана оралды. 4. ∼ to smth мәселені қайта көтеру, қайта талқылау; істі қайта жалғастыру ♦He returns to this topic later in the report. – Бұл мәселеге ол баяндамасында кейінірек оралады. ♦She looked up briefly then returned to her sewing. – Ол сәл басын көтерді де тігінін жалғастыра берді. ♦The doctor may allow her to return to work next week. – Дәрігер оған жұмысына оралуға келесі аптада рұхсат беруі мүмкін. 5. ∼ to smth бұрынғы қалпына/ күйіне оралу/ түсу ♦Train services have returned to normal after the strike. – Ереуілден соң пойыз қызметі қалпына келді. ♦The land has returned to its natural state. – (Бұл) жер өзінің табиғи күйіне қайта келді. ♦Many find returning to civilian life difficult. – Азаматтық өмірге оралғанды көп адам қиын көреді. 6. ∼ smth қайырылу, қайыру, жауап әрекет істеу, сыйға сый, құрметке құрмет көрсету; өзара сезімдері бірдей болу ♦to return a smile/gaze/greeting – қайыра жымию/ қарау/ сәлемдесу ♦If you assist people when they ask for help, it is more likely they will return the favour. – Көмек сұраған адамға көмектессең, оның да қайырылуы әбден мүмкін. ♦It's time we returned their invitation. – Қайырылып, біздің де оларды шақыруымыз керек. ♦to return compliment – мақтауға мақтай жауап беру ♦to return a kiss – сүйіске сүйіс ♦He did not return her love. – Ол оның махаббатын бағаламады. ♦to return fire – қарсы/ жауап оқ ату 7. ∼ smth допты кері соғу ♦to return a service/shot – соққыны (подачаны) қайтару 8. ∼ a verdict сотта үкім шығару, шешу, ұйғару ♦The jury returned a verdict of not guilty. – Алқабилер (присяжные) кінәлі емес деген үкім шығарды. ♦The inquest returned a verdict of accidental death. – Тергеу жазатайым өлім/ оқыс өлім деген ұйғарымға келді. 9. (BrE) (қызметке) сайлау ♦be ∼ed (as smth) She was returned as MP in the last election. – Оны кейінгі сайлауда депутат етіп сайлады. ♦be ∼ed (to smth) He was returned to Parliament with an increased majority. – Ол ұлғайған көпшілікпен парламентке сайланды. 10. ∼ smth (business) пайда көру я шығындану ♦to return a high rate of interest – инвестицияның түсімі жоғары болу ♦Last year the company returned a loss of £157 million. – Өткен жылы компанияның шығыны £157 млн болды. B.n 1.оралу, қайту, қайтып келу ♦∼ of smb to… A week had passed since their return to Geneva. – Олар Женеваға оралғалы бір апта өтті. ♦∼ of smb from… I was a bit bored after my return from holiday. – Демалыстан оралған соң аздап жалықтым. ♦She lives in fear of his return. – Ол (әйел) ол (еркек) қайтып келе ме деп қорқады. ♦on the return flight/journey/trip/visit – қайтар рейс/ қайтар жол/ жауап сапар ♦The smell of cooking greeted his return home. – Үйге оралса буы бұрқырап тамақ пісіп жатыр екен. 2.қайтару, кері беру, кері жіберу ♦∼ of smb/smth We would appreciate the prompt return of books to the library. – Кітаптар кітапханаға тез қайтарылса риза болар едік. ♦The judge ordered the return of the child to his mother. – Судья баланы анасына қайтаруға бұйрық берді. ♦Write your return address on the back of the envelope. – Конверттің артына адресіңізді жазыңыз. 3.оралу, қайта басталу (syn: reappearance) ♦∼ of smth the return of spring – көктемнің оралуы/ қайтып келуі ♦a return of my doubts – күдігімнің оралуы 4.оралу, қайту ♦∼ to smth his return to power – оның билікке оралуы/ қайтып келуі ♦They appealed for a return to work. – Олар жұмысқа оралыңдар деп үндеді. ♦He made a welcome return to the side after injury. – Жарақатынан соң ол командаға сәтті оралды. 5.пайда, табыс, кіріс, түсім (syn: earnings, yield) ♦a high rate of return on capital – капиталдан жоғары түсім ♦the return on investment – инвестициядан түсім ♦annual/investment returns – жылдық/ инвестициялық түсімдер ♦farmers seeking to improve returns from their crops – астықтан көбірек пайда көздеген фермерлер 6.нәтиже ♦census returns – халық санағы нәтижесі ♦election returns – сайлау нәтижесі 7. (also return ticket) (both BrE) (NAmE round-trip ticket) әрі-бері билет, барып-қайту билеті ♦‘Brighton, please.’ ‘Single or return?’ – «Брайтонға берсеңіз». «Бір жаққа ма, жоқ әрі-бері ме?» ♦A return is cheaper than two singles. – Әрі-бері алған, екі бөліп алғаннан арзан. ♦the return fare to London – Лондонға қайту билет құны ♦When is your return flight? – Кері қашан ұшасың(ыз)? 8.қайтарылған билет 9. (also ∼ key) (клавиатурадағы) «оралу» клавишасы ♦To exit this option, press return. – Шығу үшін оралуды бас(ыңыз). 10. (теннисте, тб) қайтара/ қайыра соғу/ ұру ♦a powerful return of serve – мықты қайтарған соққы 11. (idm) *by return (of post) (BrE) келесі почтамен, барынша тез ♦Please reply by return of post. – Келесі почтамен/ Барынша тез жауап бер(іңіз)ші. ♦All orders will be sent by return of post/by return mail. – Барлық заказдар келесі почтамен жеткізілетін болады. *(the law of) diminishing returns азайған пайда (принципі/ қағидасы) ♦Our efforts were producing diminishing returns. – Талпынысымызға қарамастан түсім аз болуда. ♦In general, the more exercise you take, the greater the health benefit; but beyond a certain level you get diminishing returns. – Жалпы, дене шынықтырған сайын оның денсаулыққа пайдасы да көбірек; алайда белгілі бір шектен соң пайдасы азая түседі. *in return (for smth) a) жауап әрекет ретінде, сыйға сый ретінде ♦Can I buy you lunch in return for your help? – Жәрдеміңізге рахмет ретінде сізге түскі ас алып берсем қалай болады? ♦If I do this for you, what do I get in return? – Саған бұны істесем, маған не істейсің? b) жауап ретінде ♦I asked her opinion, but she just asked me a question in return. – Пікірін сұрап едім, ол өзіме сұрақ қойды. *many happy returns (of the day) [қ-з: happy (8)] *the point of no return [қ-з: point (A20)] *(on) sale or return (BrE) (товарлар ж) сат-не-қайтар (сатылмаған заттар иесіне қайтарылатын рет) ♦The novels are delivered to outlets on a sale or return basis. – Романдар дүкендерге сат-не-қайтар реті бойынша жеткізіледі.