revelation [ˌrevəˈleɪʃn] n 1. білдіру, мәлім ету, (құпияны, тб) ашу (syn: disclosure) ♦∼ about/concerning smth startling/sensational revelations about her private life – оның жеке өмірі жайлы жаға ұстарлық/ таңғаларлық деректер ♦∼ that… He was dismissed after revelations that confidential files were missing. – Құпия файлдердің жоғалғаны мәлім болған соң оны жұмыстан шығарып жіберді. The company's financial problems followed the revelation of a major fraud scandal. – Алаяқтық туралы дау көтерілген соң компанияның қаржы мәселелері басталды.  2.аян, нышан, белгі ♦These events were seen as a divine revelation. – Бұл оқиғалар құдайдан келген аяндай көрінді. 3. (idm) *come as/be a revelation (to smb) таң-тамаша жайт болу, таңғаларлықтай болу; өзгеше болу ♦His performance in the race today was a revelation to everyone. – Оның жарыстағы бүгінгі жетістігі кімді болсын таңдандырды. My trip to Texas was a revelation. – Техасқа сапарым бір таң-тамаша жайт болды.