reverse [rɪˈvɜːs] A.v 1. ∼ smth керісінше өзгерту, мүлде өзгерту ♦Falling birth rates may reverse the trend towards early retirement. – Туу деңгейінің түсуі ерте зейнетке шығуды өзгертуі мүмкін. ♦to reverse a procedure/process – тәртіпті/ процесті ауыстыру ♦The government has failed to reverse the economic decline. – Үкімет экономиканың құлдырауын тойтара алмады. ♦It is sometimes possible to arrest or reverse the disease. – Кейде дертті тоқтатуға не қайтаруға болады. 2. ∼ smth (бұрынғы шешімді, тб) керісінше өзгерту (syn: revoke) ♦The Court of Appeal reversed the decision. – Аппеляция соты шешімді өзгертті. ♦The policy is likely to be reversed if there is a change of government. – Үкімет өзгерсе, саясатта өзгеретін сияқты. ♦to reverse a judgement – сот шешімін өзгерту 3. ∼ smth кері бұру, керісінше қою, аудару ♦To solve the puzzle, simply reverse the order of the numbers. – Жұмбақты шешу үшін әшейін сандар ретін керісінше қой. 4. ∼ smth орындарын ауыстыру, өзара алмас(тыр)у, кері өзгер(т)у ♦She used to work for me, but our situations are now reversed. – Ол менің қарамағымда істеген, енді жағдай кері өзгерген. 5. ∼ yourself (on smth) (NAmE) қатесін мойындау; пікірінен айну ♦He has reversed himself on a dozen issues. – Оншақты мәселеде ол пікірін өзгертті. 6. (especially BrE) (машина ж) артқа беру, арт жақпен жүру ♦She reversed into a parking space. – Ол артқа беріп, машинаны қойды. ♦Caution! This truck is reversing. – Байқа! Жүк машинасы артқа беруде. B.n 1. the ∼ қарама-қарсы нәрсе, кері нәрсе ♦This problem is the reverse of the previous one. – Бұл проблема бұрынғысына кері. ♦Although I expected to enjoy living in the country, in fact the reverse is true. – Ауылда тұрған жақсы болар деп ойлағанмын, расында керісінше болып шықты. ♦It wasn't easy to persuade her to come - quite the reverse. – Оны кел деп көндіру оңай болмады – мүлде керісінше. ♦If you tell children to do something, they will often do the exact reverse. – Балаларға бірдеңе айтсаң, көбінесе керісінше істейді. 2. the ∼ тиынның, қағаздың, тб кері/ арт жағы ♦The coin has a coat of arms stamped on the reverse. – Монетаның кері/ арт жағында герб/ эмблема бар. 3. (also ∼ gear) машинаны кері жүргізетін/ артқа бергізетін тетік (задняя скорость) ♦Put the car in/into reverse. – Машинаны артқа беретіндей/ кері жүретіндей ет (артқы скоростке сал). 4. (formal) жеңіліс, ұтылыс; құлдырау (syn: setback) ♦Property values have suffered another reverse. – Үй-жай бағасы тағы құлдырады. ♦a damaging political reverse – зиян(ды) саяси сәтсіздік ♦Their forces have suffered serious reverses in recent months. – Олардың әскерлері кейінгі айларда әжептәуір жеңілістерге ұшырады. 5. (idm) *go/put smth into reverse кері кету ♦In 2008 economic growth went into reverse. – 2008 жылы экономикалық өсім кері кетті/ тоқырады. ♦Various problems have put the company’s expansion plans into reverse. – Түрлі проблемалар компанияның өрістемек жоспарын шегіндірді. *in reverse керісінше (syn: backwards) ♦The secret number is my phone number in reverse. – Құпия номер – телефон номерімнің кері реті. C.adj 1.қарама-қарсы, кері ♦to travel in the reverse direction – кері жаққа жүру ♦The winners were announced in reverse order. – Жеңімпаздарды кері ретпен хабарлады (соңғы орын алғанды бірінші айтты). ♦The experiment had the reverse effect to what was intended. – Эксперименттің нәтижесі керісінше болды. 2.кері жақ ♦Iron the garment on the reverse side. – Киімнің арт/ арқа жағын үтікте. ♦On the reverse side of the medal is a coat of arms. – Медальдің арт жағында - эмблема.