review [rɪˈvjuː] A.n 1. (кітапты, фильмді, тб) шолу, шолу жасау ♦a book review – кітапқа шолу ♦She gave the film a glowing review. – Фильмді ол жоғары бағалады. ♦mixed/negative/bad reviews – аралас пікірдегі/ теріс/ нашар шолу ♦a positive/favourable review – оң (баға берген) шолу ♦an online review of the restaurant – ресторан жайлы онлайн пікір айту 2. (especially NAmE) шолу, тексеру, пысықтау ♦We need to do the review for the test tomorrow. – Ертең сынаққа дайындалуымыз керек. ♦I should have time for a quick review of my notes before the test. – Сынақ/ Тест алдында жазғандарыма бір көз жүгіртетін уақыт керек. ♦We'll have time at the end of class for review. – Сабақ соңында пысықтауға уақтымыз болады. ♦There is a grammar review section at the end of each unit. – Әр тараудың соңында грамматикаға шолу бөлімі бар. 3.шолу, тексеру, танысу, қарау, қарастыру, зерделеу ♦The government has embarked on a systematic review of transport policy. – Үкімет транспорт саясатын жүйелі түрде шолуға көшті. ♦MPs have called for an independent review. – Депутаттар тәуелсіз тексеру жасауға үндеді. ♦The proposals are available for review online. – Ұсыныстармен онлайн танысса болады. ♦under review The terms of the contract are under review. – Контракт шарттарымен танысуда. ♦a review board/panel – шолу басқармасы/ панелі ♦a pay/salary review – жалақы мәселесін қарау 4.тексеру, қарастыру, танысу, шолу ♦to conduct/undertake a review of customer complaints – клиент шағымдарын шолу ♦a comprehensive review of current scientific knowledge on the subject – осы мәселедегі қазіргі ғылыми деректерді жан-жақты шолу 5. (formal) әскери құрамды шолу/ қарап-тексеру B.v 1. ∼ smth (кітапты, фильмді, тб) шолу, шолу жасау ♦Please rate and review your purchase on our website. – Уэб-сайтымызда сатып алған затыңызды бағалауыңызды өтінеміз. ♦The play was reviewed in the national newspapers. – Елдік газеттер пьесаға шолу жасады. ♦The book was favourably reviewed by most critics. – Пьесаны сыншылардың көбі дұрыс бағалады. 2. (especially NAmE) шолу, тексеру, пысықтау ♦∼ smth We will be reviewing all the topics covered this semester. – Осы семестрде өткен барлық тақырыпты пысықтайтын боламыз. ♦∼ for smth Jonas helped me review for the test. – Джонас сынаққа әзірленуіме жәрдемдесті. 3. ∼ smth (especially NAmE) тексеру, тексеріп шығу ♦Review your work before you turn it in. – Өткізбес бұрын жұмысыңды бір қарап алғын. 4. ∼ smth шолу, тексеру, (қайта) қарау, танысу, қарастыру, зерделеу (syn: reassess) ♦The government will review the situation later in the year. – Үкімет жағдайды жыл соңына қарай шолмақ. ♦The company is reviewing its business travel policy. – Компания өзінің іссапар саясатын қайта қарауда. ♦After reviewing the evidence, the judge dismissed the case. – Айғақпен танысқаннан соң, судья істі жапты. ♦This case should be reviewed in the light of new evidence. – Істі жаңа айғақты ескере қарау керек. ♦to review a decision/proposal – шешімді/ ұсынысты шолу ♦Staff performance is reviewed annually. – Қызметкерлер жұмысына жыл сайын шолу жасалады. 5. ∼ smth шолу, танысу, оқу, қарау, зерделеу, тексеру ♦to review records/documents/data – тіркелген деректерді/ документтерді/ мәліметтерді шолу/ оқу ♦Let's start by reviewing the evidence. – Айғақпен танысудан басталық. ♦This paper reviews the literature on the subject. – Бұл қағаз осы тақырып бойынша жазылғандарды шолады. ♦Students can review the material at their own pace. – Студенттер материалды өз беттерінше оқи алады. ♦You should review the document carefully before signing. – Қол қоймас бұрын доументті мұқият қарап шығуың керек. 6. ∼ smth өткенді шолу, өткенге шолу жасау (syn: take stock of smth) ♦to review your failures and triumphs – өз сүріністері мен табыстарына шолу жасау ♦She had been reviewing the previous week on her way home. – Үйіне бара жатып өткен аптаны ойша шолумен болды. 7. ∼ smb/smth әскери құрамды шолу/ қарап-тексеру ♦The Commander-in-Chief reviewed the troops. – Бас қолбасшы әскерді шолып шықты.