revive [rɪˈvaɪv] v 1.қайта есін жию, қайта күшею; қайта есін жиғызу/ күшейту ♦The flowers soon revived in water. – Гүлдер біраздан соң суда қайта көтерілді. ♦The economy is beginning to revive. – Экономика ес жия бастады. 2. ∼ smth қалпына келтіру, оралту, жандандыру, дем беру ♦This quaint custom should be revived. – Ескі дәстүрді жандандыру керек. ♦She has been trying to revive the debate over equal pay. – Ол тең жалақы төңірегіндегі дебатты қайта бастағысы келеді. ♦The poor trade figures have revived fears of higher interest rates. – Сауда көрсеткіштерінің нашарлығы проценттік ставкалар өседі деген уайымды қайта қоздырды. 3. ∼ smth пьесаны, тб қайта қою