rich [rɪtʃ] adj (richer, richest) 1.бай (ақшасы, дүние-мүлкі көп) (opp: poor) ♦She's one of the richest women in the world. – Ол – әлемдегі ең бай әйелдердің бірі. ♦to get/grow/become rich – баю/ байып кету ♦Nobody gets rich from writing nowadays. – Қазір жазушылықтан ешкім байымайды. ♦She longed to be rich and famous. – Ол бай да әйгілі болсам деп армандады. ♦He was born in a rich and powerful family. – Ол бай да қуатты үй-ішінде дүниеге келді. ♦(slang) to be filthy/stinking rich – шылқыған бай болу ♦the richest countries/economies/nations – аса бай елдер/ экономикалар/ елдер 2. the ∼ noun байлар, дәулетті адамдар (opp: the poor) ♦It's a favourite resort for the rich and famous. – Бұл – байлар мен әйгілілер келетін курорт. 3.бай, мол, көп (opp: poor) ♦∼ in smth Oranges are rich in vitamin C. – Апельсин С витаминіне бай./ Апельсинде С витамині мол/ көп. ♦The area is rich in wildlife. – Бұл тұста жабайы табиғат көп. ♦Russia is hugely rich in oil and gas. – Ресей - мұнай мен газға аса бай. ♦The country is rich in natural resources. – Елде табиғи байлықтар мол. ♦His novels are a rich source of material for the movie industry. – Оның романдары киноиндустрия үшін мол материал көзі. ♦iron-rich rocks – құрамында темірі көп тау жыныстары/ темірга бай тау жыныстары ♦the exceptionally rich fishing grounds of the North Pacific – Солтүстік Тынық мұхитының балығы ерекше мол тұстары ♦Ours is a world rich with possibilities. – Біздікі – мүмкіндіктер мол әлем. 4.бай, әрнәрсеге толы ♦the region’s rich history and culture – аймақтың бай тарихы мен мәдениеті ♦She leads a rich and varied life. – Оның өмірі үлде мен бүлдеге оранған. ♦a culturally rich nation – мәдениеті бай ел ♦the rich architectural heritage of India – Үндістанның бай архитектуралық мұрасы 5.нәрлі, тойымды ♦a rich, creamy sauce – нәрлі қаймақты соус/ тұздық ♦a rich chocolate cake – нәрлі шоколад кэкс 6.құнарлы (syn: fertile) (opp: poor) ♦a rich, well-drained soil – құнарлы, жақсы кепкен топырақ ♦rich farming land – құнарлы шаруашылық жер 7.қою; өте әдемі не тартымды ♦rich dark reds – қоюқызыл ♦the rich sound of the organ – органның ауқымды/ кең үні ♦The wine gives the dish a wonderfully rich aroma. – Шарап асқа керемет дәм кіргізеді. 8. (literary) бай, қымбат та әдемі (syn: sumptuous) ♦The rooms were decorated with rich fabrics. – Бөлмелерді қымбат матамен көркейтіпті. 9. (especially BrE, informal) қызық екен, жөні жоқ, тб ♦Me? Lazy? That's rich, coming from you! – Мен бе? Жалқау дейді? Бұны сенен естігенім қызық екен! 10. (idm) *strike it rich (informal) кенет, күтпеген жерден ақшаға кенелу