richly [ˈrɪtʃli] adv 1.қымбат, бай ♦a richly decorated room – қымбат әрленген бөлме 2.қою (түс), қатты (иіс), тіл үйіретін (дәм), бай ♦a richly flavoured sauce – дәмі бай соус/ тұздық The polished floor glowed richly. – Ысқылаған еден бай көрінді. 3. жомарт, мол ♦She was richly rewarded for all her hard work. – Бейнетінің зейнетін молынан көрді. 4.толығымен, өте (syn: thoroughly) ♦richly deserved success – бейнетпен келген табыс richly earned respect – бейнетпен келген сый/ бедел 5.бай, мол ♦richly varied countryside – түрге/ түрлілікке бай ауылды аймақ a richly atmospheric novel – мазмұнға бай роман