riddle [ˈrɪdl] A.n 1.қиын жұмбақ/ сұрақ ♦Stop talking in riddles - say what you mean. – Міңгірлемей, тоқ етерін айтсаңшы. ♦Bilbo solves the riddle that unlocks the door to the mountain. – Бильбо жұмбақты шешіп, тауға баратын қақпаны ашады. 2.жұмбақ жайт/ күй/ нәрсе (syn: mystery) ♦The riddle of his identity was only solved when his brother saw him on TV. – Оның кім екені бауыры оны телевизордан көргенде белгілі болды. B.v 1. ∼ smb/smth (with smth) шұрқ тесу, тескілеу, тесік-тесік ету ♦The car was riddled with bullets. – Машинаны оқтар шұрқ тесіпті. ♦a bullet-riddled car - оқтар шұрқ тескен машина 2. (idm) *be riddled with smth нашар нәрсеге толы болу ♦Her typing was slow and riddled with mistakes. – Оның машинкамен басысы баяу әрі қатеге толы еді. ♦The woods are riddled with rabbit holes. – Тоғайдың ішін қоян індері шұрқ тесіпті.