ride [raɪd] A.v (pt rode [rəʊd], pp ridden [ˈrɪdn]) 1. (атқа, тб) міну, (атпен, тб) жүру ♦I learnt to ride as a child. – Бала күнімде атқа мініп үйрендім. ♦They rode along narrow country lanes. – Олар атпен шеттегі жіңішке жолдармен жүріп отырды. ♦He was riding on a large black horse. – Ол үлкен қара атқа мініп келе жатқан. ♦He rode fifty miles on horseback. – Ал атпен елу миль жүрді. ♦He's ridden six winners so far this year. – Ол бәйгені биыл алты рет ұтты. 2. go riding (BrE) (NAmE go horseback riding) атқа мініп жүру ♦How often do you go riding? – Атқа көп мінесің(із) бе? 3. (көлік) айдау, міну ♦∼ smth The boys were riding their bikes around the streets. – Балалар великтерін көшемен айдап келе жатқан. ♦They mounted their bikes and rode off. – Олар великтеріне мініп, кетті. 4.көлікпен жүру ♦I walked back while the others rode in the car. – Мен жаяу оралдым, қалғандары машинамен. ♦∼ smth (NAmE) to ride a train/the subway/an elevator – пойызбен/ метромен/ лифтпен жүру ♦∼ smth (NAmE) She rode the bus to school every day. – Ол күнде мектепке автобуспен баратын. 5.ұшу; жүзу ♦We watched the balloon riding high above the fields. – Алқаптың үстінде шардың ұшқанына қарап тұрдық. ♦The smaller boat was lighter and rode higher in the water. – Кішірек қайық жеңілдеу еді, суда шапшаң жүрді. ♦∼ smth surfers riding the waves – толқында жүзген сөрферлер 6. ∼ smth атпен не көлікпен жүру ♦We rode the mountain trails. – Тауды шарладық. 7. ∼ smb (NAmE) ұрсу; келемеждеу ♦Why is everybody riding me today? – Неге бәрі бүгін маған тиісе берді? 8. (idm) *be riding for a fall ойланбай істеу, ақымақтану *be riding high табысты/ озат болу ♦The company is riding high this year. – Биыл компания жақсы келе жатыр. *if wishes were horses, beggars would/might ride (saying) құры армандағаннан ештеңе шықпайды *let smth ride үндемей қалу ♦He was rude to me but I let it ride this time. – Ол маған адыраңдаса да, бұл жолы үндемедім. *ride the crest of smth бірн-ң арқасында аса табысты болу; қолдауға ие болу ♦The band is riding the crest of its last tour. – Муз-қ топ өткен жолы ел аралап, табысқа кенелді. *ride herd on smb/smth (NAmE, informal) бақылау, қадағалау ♦police riding herd on crowds of youths on the streets – көшедегі жастарды бақылап жүрген полиция *ride, etc. roughshod over smb (especially BrE) (NAmE usually run roughshod over smb) (біреуді) сыйламау, (біреуге) қалай болса солай қарау *ride shotgun (especially NAmE, informal) (автобуста, тб) алдыңғы орында отыру *ride a/the wave of smth «бірн-ң толқынымен жүру», белгілі бір жағдайды жақсы пайдалану ♦Schools are riding a wave of renewed public interest. – Қоғам ынтасы қайта ауып, мектептер бір серпіліп қалды. 9. (phr v) *ride on smth байланысты/ тәуелді болу ♦He knew he had to win – his reputation was riding on it. – Ол жеңуі керектігін білді – абыройы осыған байланысты еді. ♦There’s a lot riding on this match. – Осы матчқа көп нәрсе байланысты.*ride smth out қиындықтан шыға алу ♦Do you think we can ride out the recession? – Тоқыраудан шыға аламыз деп ойлайсың ба? ♦The company did well to ride out the storm. – Компания қиындықты жақсы еңсерді. *ride up (киім ж) түрілу, қайырылу ♦Short skirts tend to ride up when you sit down. – Қысқа юбкалардың отырғанда түрілетіні бар. B.n 1. (өзі айдамай) көлікпен жүру (BrE lift) ♦a train ride through beautiful countryside – әдемі ауылды аймақпен пойызбен жүру ♦It's a ten-minute bus ride from here to town. – Бұл жерден қалаға дейін автобуспен он минут. ♦Steve gave me a ride on his motorbike. – Ол мені мотоциклімен алып жүрді. ♦She hitched a ride to the station. – Ол станцияға дейін біреуге отырып барды. ♦He offered to give her a ride home. – Ол оған үйіне дейін апарып тастайын деді. 2. (өзі айдап) көлікпен жүру ♦a smooth/comfortable/bumpy ride – жұмсақ/ жайлы/ шоқаң жүріс ♦(figurative) The new legislation faces a bumpy ride. – Жаңа заң қиындықтарға кезікпекші. 3.атқа, тб міну, атпен, тб жүру ♦There were pony rides for the children. – Онда балаларды пониге мінгізді. ♦The kids had a ride on an elephant at the zoo. – Зоопаркте балалар пілге мінді. ♦He goes for a ride most mornings. – Ол таңертеңгісін көбінесе атқа мінеді. 4.ойын-тамаша паркіндегі мінетін қызықтар/ аттракциондар ♦The rides are free. – Қызықтарға міну – тегін. ♦I went on every ride in the amusement park. – Ойын-тамаша паркіндегі әрбір қызыққа міндім. 5. (idm) *a bumpy ride (informal) қиындыққа кезігу/ душар болу ♦Shares had a bumpy ride yesterday, falling by an average of 15%. – Акциялар кеше 15% құлдырап, қиындыққа тап болды. ♦The new bill could be in for a bumpy ride when it is put before parliament. – Жаңа заң жобасы парламентке барғанда қиындыққа кезігуі мүмкін. *come/go along for the ride (informal) қызыққа/ көңіл көтеруге қосылу *get, take, etc. a free ride тегін алу/ пайдалану *have a rough/an easy ride | give smb a rough/an easy ride (informal) істе қиналу/ қиналмау; қинау/ қинамау ♦He will be given a rough ride at the party conference. – Партия конференциясында оны қинайтын болады. ♦The new teacher was given a rough ride by the class. – Жаңа мұғалімді класс/ сынып әлекке салды. *take smb for a ride (informal) алдау, айласын асыру ♦It's not a pleasant feeling to discover you've been taken for a ride by someone you trusted. – Сенген адамыңның өзіңді алдап жүргенін білу оңай емес.