right [raɪt] A.adj 1.дұрыс, дәл (opp: wrong) ♦Did you get the answer right? – Дұрыс жауап таптың/ алдың ба? ‘What's the right time?’ ‘10.37.’ – «Дұрыс уақыт қандай?» «10.37» ‘David, isn't it?’ ‘Yes, that's right.’ – «Дэвид, мынау ма?» «Иә, дәл өзі». ♦(informal) It was Monday you went to see Angie, right?  - Ангиді көруге дүйсенбі күні бардың ғой, дұрыс па? Let me get this right - you want us to do an extra ten hours' work for no extra pay? – Дұрыс ұғып көрейін – бізге қосымша он сағат тегін істеңдер дейсің(із) ғой? 2.дұрыс, дәл (opp: wrong) ♦∼ about smth You were quite right about the weather. – Ауа-райы жайлы дұрыс/ дәл айтыпсың(ыз). ♦∼ to do smth They're absolutely right to be cautious. – Олардың абайлағаны өте дұрыс. ‘It's not easy.’ ‘Yeah, you're right.’ – «Бұл – оңай емес». «Иә, дұрыс айтасың(ыз). ♦∼ in doing smth Am I right in thinking we've met before? – Бұрын сізбен/ сенімен жолықтық-ау деймін, дұрыс па? History has proved him right. – Тарих оның дұрыстығын дәлелдеді. He never gets anything right. – Ол ешқашан ешнәрсені дұрыс ұқпайды. 3.дұрыс, қажет(ті), керек(ті), тиісті, тиісінше, лайықты, шақ (opp: wrong) ♦Have you got the right money for the bus fare? – Автобус билетіне жететін ақшаң(ыз) бар ма? What's the right way to do this? – Бұны істеудің дұрыс жолы қайсы? You're not holding it the right way up. – Оны дұрыс ұстап тұрған жоқсың(ыз). This is a step in the right direction. – Бұл дұрыс (бағыттағы) қадам. Next time we'll get it right. – Келесі жолы бұны реттейміз. She's definitely the right person for the job. – Оның осы жұмысқа лайықты екеніне күмән жоқ. ♦∼ for smb I'm glad you split up. She wasn't right for you. – Ажырасқандарыңа қуаныштымын. Ол (қыз) саған лайықты/ шақ емес еді. I was waiting for the right moment to ask him. – Одан сұрайтын дұрыс сәт(ті) күтіп жүргенмін. I think we made the right decision. – Дұрыс шештік деп ойлаймын. 4. дұрыс, орынды, жөн(ді), оң (opp: wrong) ♦I hope we're doing the right thing. – Дұрыс істеп жатқан шығармыз деп ойлаймын. I don't know, it just doesn't seem right. – Білмеймін, бұл әшейін дұрыс емес сияқты. On some level this just feels right. – Бұл біршама дұрыс сияқты.  ♦∼ to do smth You were quite right to criticize him. – Оны сынағаның өте дұрыс. it's to do smth It's only right to warn you of the risk. – Сені/ Сізді қауіп жайлы ескерткені – дұрыс. it's that… It's right that he should be punished. – Оның жазаланатыны – дұрыс. 5.дұрыс, тәуір, жақсы, сау (opp: wrong) ♦I don't feel quite right today. – Бүгін біртүрлі/ бейжай болып тұрмын. Things aren't right between her parents. – Ата-анасың арасы онша емес. If only I could have helped put matters right. – Мәселелерді реттеуге жәрдемдесе алсам ғой. That sausage doesn't smell right. – Сосисканың иісі – біртүрлі. 6.дұрыс, керек, оң ♦She knows all the right people. – Ол керек адамдардың бәрін біледі. They make sure that their children go to the right schools. – Ол балаларын дұрыс мектепке беруге тырысады. the right places – қажет(ті) орындар/ жерлер 7.оң (жақ) (opp: left) ♦your right hand/arm/foot/leg – сол қолың/ аяғың My right eye is weaker than my left eye. – Оң көзім(нің жанары) сол көзімнен әлсіздеу. Keep on the right side of the road. – Жолдың оң жақ шетімен жүр. Take a right turn at the intersection. – Қиылыста оңға бұрыл. 8. (BrE, informal, especially disapproving) нағыз, мүлде ♦You made a right mess of that! – Сұмдық қылдың ғой! I felt a right idiot. – (Өзімді) нағыз албасты(дай) сезіндім. 9. (idm) *be in the right place at the right time [қ-з: place (А14)] *get/start off on the right/wrong foot (with smb) [қ-з: foot (А7)] *get on the right/wrong side of smb біреуге жағу/ жақпау *give your right arm for smth/to do smth (informal) біреу үшін оң қолын (кесіп) беру, бірн-е істеу үшін талай нәрсеге көну/ төзу ♦I'd have given my right arm to have been there with them. – Сонда олармен бірге болу үшін оң қолымды кесіп берер едім. *have your head screwed on (the right way) [қ-з: head (А21)] *have the right idea [қ-з: idea (6)] *smb’s heart is in the right place [қ-з: place (А14)] *hit/strike the right/wrong note [қ-з: note (А10)] *(not) in your right mind [қ-з: mind (А6)]​ *might is right [қ-з: (В2)] *on the right/wrong side of 40, 50, etc. (informal) жасы қырықтардағы, елулердегі, қырықтың, елудің әр жақ, бер жағындағы *on the right/wrong track аяқ алысы/ бағыты дұрыс/ қате ♦We haven’t found a cure yet - but we are on the right track. – Әлі шешім таппасақ та, бағытымыз - дұрыс. The new manager successfully got the team back onto the right track. – Жаңа басқарушы команданы дұрыс жолға сала алды. The police were on the wrong track when they treated the case as a revenge killing. –Кек алу үшін өлтірген деп істі полиция қате ұққан. *push all the (right) buttons (also press all the (right) buttons especially BrE) [қ-з: press (В12)] *(as) right as rain (informal) денсаулығы/ күйі тамаша/ керемет/ мінсіз *right enough (informal) жеткілікті, дұрыс, нақты, шүбәсіз ♦Oh, they understood me right enough, they're just refusing to accept responsibility. – Олар мені ұғуын ұқты(-ақ), әшейін (кінәні) мойындағысы келмейді. You heard me right enough. – Айтқанымды (нақты) естідің ғой. *right on (informal) құптауды/ қолдауды білдіреді *right side up (NAmE) (заттың орны, тұрысы, қойылысы) үстін жоғары қарата, дұрыс (opp: upside down) ♦Keep this box right side up, or the contents will be crushed. – Жәшікті дұрыс қой, әйтпесе ішіндегілер жаншылады. *too right (BrE, informal) дәп, дәл, әрине, сөзсіз, шүбәсіз ♦‘We need to stick together.’ ‘Too right!’ – «Жұмылуымыз керек». «Дәл солай!» ‘I'll have to do it again.’ ‘Too right you will.’ – «Бұны қайтадан істеп шығуым керек». «Дәп сөйтуің керек». B.adv 1.оңға, оң жаққа/ жақта (opp: left) ♦Turn right at the end of the street. – Көшенің соңында оңға бұрыл. 2.дәл, дәп, тура ♦Lee was standing right behind her. – Ли оның дәл/ дәп артында тұрған. I'm right behind you on this one. – Бұл жөнінде сені/ сізді қолдаймын. The wind was right in our faces. – Жел тура бетімізге соқты. The bus came right on time. – Автобус дәл уақтында келді. The tour starts right here. – Сапар дәл осынан басталады. 3.дәл, тура, мүлде, толық(тай) ♦They drove right up to the door. – Олар тура есікке дейін (машинаны) айдап келді. Everything is planned right down to the last detail. – Әр нәрсе бастан аяқ бүге-шігесіне дейін жоспарланған. The car spun right off the track. – Машина жолдан дөңгеленіп барып шығып кетті. I'm right out of ideas. – Басымда мүлде ой қалмапты. She kept right on swimming until she reached the other side. – Арғы жаққа жеткенше ол жүзе берді. 4.дәл, бірден, тура, әп сәтте ♦I'll be right back. – Дәл қазір ораламын. They left right after lunch. – Олар астан кейін бірден кетті. She'll be right with you. – Ол саған дәл қазір келеді. I knew right from the start what was going to happen. – Не болатынын/ боларын әу бастан білгенмін. 5.дұрыс, дәл, тура (opp: wrong) ♦You guessed right. – Дұрыс болжапсың(ыз). They make sure everything is done right. – Олар әр нәрсенің дұрыс істелгеніне көз жеткізді. It's vital for children to eat right and stay fit. – Балалардың дұрыс тамақтанып, ширақ болғаны – маңызды. 6.дұрыс, жақсы, тәуір ♦Nothing's going right for me today. – Бүгін бір ісім оңбады. You did right to tell me about it. – Бұны маған айтқаның дұрыс болды. 7. (idm) *hit smb (straight/right) in the eye [қ-з: hit (А12)] *it serves smb right (for doing smth) сауап болыпты, өзінің кесірінен/ қырсықтығынан, тб болды ♦Left you, did she? It serves you right for being so selfish. – Ол (әйел) сенен кетіп қалды ма? Сауап болыпты, сараң едің. *(right) out of the gate(s) (NAmE, informal) әу бастан, шүу дегеннен, басынан бастап(-ақ) ♦The trouble began right out of the gate. – Бүлік ә дегеннен(-ақ) басталды. The Democrats had a clear advantage out of the gate. – Басынан бастап(-ақ) демократтар айқын басым еді. *right and left (also right, left and centreleft, right and centre) (informal) оң-солды, жан-жаққа; барлық жерде ¨She owes money right and left. – Ол оң-солды қарыз. He's giving away money right, left and centre. – Ол жан-жаққа ақша таратуда. *right away/off бірден, әп сәтте, ә дегенде, тез арада ♦I want it sent right away. – Бұны бірден жібергенін қалаймын. I told him right off what I thought of him. – Оған өзі жайлы не ойлайтынымды айтып салдым. *right now дәл қазір, дәп осы сәтте ♦He's not in the office right now. – Ол дәл қазір офисте емес. Do it right now! – Бұны дәп қазір істе! *right off the bat (especially NAmE, informal) бірден, сол арада, лезде, жалма-жан ♦We both liked each other right off the bat. – Бір көргеннен бір-бірімізді жақтырдық. *see smb right (informal) біреуге қажет нәрсенің бәрін беру/ жасау/ істеу ♦You needn't worry about money - I'll see you right. – Ақша жайлы уайымдама – саған беремін. *take the words right out of smb’s mouth [қ-з: mouth (А8)] *(right) up your street (especially BrE) (NAmE usually (right) up your alley) (informal) лайықты, шақ ♦This job seems right up your street. – Бұл нағыз саған арналған жұмыс. C.n 1.​the/smb’s ∼ оң жақ, оң қол жақ(тағы бағыт) (opp: left) ♦on the  Take the first street on the right. – Оң жақтағы бірінші көшеге түс. on the of smb/smth My dad's in the front row, on the extreme right of the picture. – Әкем алдыңғы қатарда, суреттің ең оң жақ шетінде. to the  Keep over to the right. – Оң жақпен жүріп отыр. to the of smb/smth There is a cloakroom to the right of the front door. – Кірер есіктің оң жағында киім ілгіш бар. to smb 's Look to your right. – Оңыңа қара. from the  Look out for traffic coming from the right. – Оңнан/ Оң жақтан келе жатқан көліктерге қара/ -ді байқа. Arabic script is read from right to left. – Арабша жазу оңнан солға оқылады. the top/bottom/far right – ең үстіңгі/ ең астыңғы/ ең шеткі оң жақ first/second/third, etc.  She is pictured third right with her students. – Ол оқушыларымен түскен суретте оңнан үшінші. 2. the first, second, etc. ∼ оң жақтағы бірінші, екінші, тб жол (opp: left) ♦Take the first right, then the second left. – Бірінші көшемен оңға, сосын екіншісімен солға бұрыл. We took the first left after the second right. – Екі рет оңға бұрылып барып, солға бұрылдық. 3. a ∼ оңға бұрылу (opp: left) ​♦Take a right at the traffic lights. – Светофорда оңға бұрыл. ♦(NAmE also) to make a right – оңға бұрылу ♦(informal) to hang a right – оң жақпен жүріп отыру 4.хақ, хұқық, құқық, право ♦They had fought hard for equal rights. – Хақтар теңдігі үшін олар аянбай күресті. ♦∼ to smth Everyone has a right to a fair trial. – Әркімнің әділ сотқа хақы бар. ♦∼ to do smth You have no right to stop me from going in there. – Мені ол жерге жібермеуге хақың(ыз) жоқ. I reserve the right to leave at any time I choose. – Кез-келген уақытта кетуге хақылымын. What gives you the right to do that? – Олай істейтін қандай хақың бар? She had every right to be angry. – Оның ашуланатын жөні болды. within your s to do smth You're quite within your rights to ask for your money back. – Ақшаңды қайтар деп сұрауға хақың әбден бар. by By rights half the money should be mine. – Әділдікке салсақ, ақшаның жартысы менікі болуы керек. by  The property belongs to her by right. – Үй-жай заң бойынша соған тиесілі. as of  Education is provided by the state as of right. – Әркім де мемлекеттен тегін білім алуға хақылы. ♦∼ of smth There is no right of appeal against the decision. – Бұл қайта қаралмайтын шешім. to defend your basic rights – өзінің бастапқы/ негізгі хақтарын қорғау fundamental rights – негізгі хақтар democratic/constitutional/legal rights – демократиялық/ конституциялық/ заңды хақтар 5.жақсы, дұрыс, оң, орынды, жөн(ді) (opp: wrong) ♦She doesn't understand the difference between right and wrong. – Ол жақсы мен жаманды айыра алмайды. They both had some right on their side. – Екеуінің де дұрыс жақтары болды. in the  He wouldn't apologize. He knew he was in the right. – Ол ғафу өтінбеді. Өзінікі дұрыс екенін ұқты. It was difficult to establish the rights and wrongs of the matter. – Істің оңы мен терісін ұғу қиын болды. 6.авторлық хақ ♦He sold the rights for $2 million. – Ол авторлық хақын $2 млн-ға сатты. all rights reserved – авторлық хақ сақталған the protection of intellectual property rights – интеллектуалды меншік хақын қорғау s to smth She got $1.5 million for the film rights to her book. – Ол кітабына қойылған фильм үшін $1.5 млн алды. 7. the , the R∼ оңшылдар, оңшыл саяси күштер (opp: the left) ♦The Right made great gains in the recent elections. – Жуырдағы сайлауда оңшылдар үлкен табысқа жетті. the far/extreme right – шеткі оңшылдар/ оңшыл экстремистер on the  If he is not on the right, I am not sure who is. – Егер ол оңшыл болмаса, онда кімнің оңшыл екенін білмеймін. on the of smth He's on the extreme right of the party. – Ол партиядағы шеткері оңшыл. to the (of smb) She is well to the right of most people on social issues. – Ол әлеуметтік мәселелер бойынша көп адамнан оңшыл. 8.оң қолмен жасаған соққы/ ұрыс (opp: left) 9. (idm) *bang to rights (BrE) (NAmE dead to rights) (informal) қылмысы нақты дәлелденген ♦We've got you bang to rights handling stolen property. – Ұрланған дүние-мүлікпен айналысқаныңның бізде нақты айғағы бар. *do right by smb (old-fashioned) біреуге дұрыс/ сыйлай қарау *in your own right [қ-з: own (А3)] *put/set smb/smth to rights түзеу, реттеу ♦It took me ages to put things to rights after the workmen had left. – Жұмысшылар кеткеннен кейін реттеуге өте көп уақыт кетті. *set/put the world to rights әлемді, қоғамды, тб қалай жақсы етсе болады деген әңгіме ♦We stayed up all night, setting the world to rights. – Түні бойы бұл дүниені қалай жақсартамыз деп әңгімелестік. *two wrongs don’t make a right (saying) екі қатеден дұрыс шықпайды, жамандыққа жамандықпен жауап бергеннен жағдай түзелмейді D.v 1. ∼ smb/smth/yourself түзе(л)у, дұрыста(л)у, қалыпты күйіне/ жағдайына оралу ♦They learnt to right a capsized canoe. – Олар төңкерілген каноені/ қайықты дұрыстауды үйренді. At last the plane righted itself and flew on. – Ақыры самолет дұрысталды да әрі қарай ұша берді. 2. ∼ smth түзеу, дұрыстау ♦Righting the economy will demand major cuts in expenditure. – Экономиканы түзеу үшін шығынды көп кесу керек болады. 3. (idm) *right a wrong (жағдайды, тб) түзеу, дұрыстау, жақсарту ♦This is a time to right wrongs and heal divisions. – Өзара келіспеушіліктерді реттейтін уақыт келді. How can we right these wrongs? – Бұл қателерді қалай түзесек болады? E.excl (BrE, informal) 1.дұрыс, жақсы, жөн ♦‘You may find it hurts a little at first.’ ‘Right.’ – «Алдымен бұл аздап ауыртатын болады». «Дұрыс». ‘Barry's here.’ ‘Oh, right.’ – «Барри осында». «Е, жақсы». ♦(old-fashioned) ‘I'll have a whisky and soda.’ ‘Right you are, sir.’ – «Виски мен сода ішемін». «Жақсы, сэр». 2.жә, жарайды, бопты ♦Right! Let's get going. – Жә! Кіріселік. 3.солай, иә ♦So that's twenty of each sort, right? – Сонымен әрқайсысы жиырмадан, солай ғой? 4. (ironic) жә енді, жарайды бопты ♦‘I won't be late tonight.’ ‘Yeah, right.’ – «Бүгін түнде кешікпей келемін». «Бопты».