ring 1 [rɪŋ] A.n 1.жүзік, сақина ♦a gold ring – алтын жүзік ♦a diamond ring – алмас/ бриллиант жүзік 2.сақина, шеңбер, құрсау, дөңгелек (түріндегі нәрсе) ♦a key ring – кілт қыстырғыш ♦curtain rings – перде сақиналары ♦the rings of Saturn – Сатурн сақиналары ♦The villagers were literally surrounded by a ring of fire. – Ауылдықтар өрт құрсауында қалды десе де болады. ♦She had dark rings around her eyes from lack of sleep. – Аз ұйықтағаннан көздерінің айналасы қарауытып тұрды. ♦The children sat on the floor in a ring. – Балалар еденге дөңгелене отырды. ♦The army formed a protective ring around the presidential palace. – Әскер президент сарайының айналасын қорғай жайғасты.3.ринг, арена ♦a boxing ring – бокс рингі ♦a circus ring – цирк аренасы ♦The next competitor rode into the ring. – Келесі сайыскер аренаға шауып шықты. 4. (especially BrE) жанарғы, шілтер (газ плитаның жанатын мойны, газовая горелка) (syn: burner) ♦to turn off the gas ring – газды (газ жанарғысын) өшіру ♦I put the saucepan on the ring. – Табаны газға/ отқа қойдым. 5.сыбайластар, сыбайлас топ ♦a spy ring – шпиондар тобы, жансыздар тобы ♦a drugs ring – есірткі саудалаушы топ 6. (idm) *the brass ring (NAmE, informal) табысқа жететін мүмкіндік/ сәт; қиналып жеткен табыс ♦The girls' outdoor track team has grabbed the brass ring seven times. – Қыздардың жеңіл атлетика командасы жеті рет жеңіске жетті. *run rings around/round smb (informal) өте басым болу, шаңына жеткізбеу ♦I used to beat my son at chess but now he runs rings around me. – Ұлымды шахматтан ұтатынмын, бірақ қазір оған жете алмай да қалдым. *throw your hat into the ring сайысқа/ жарысқа қатысатынын мәлімдеу B.v 1. ∼ smb/smth (with smth) қоршау, қоршап алу ♦Thousands of demonstrators ringed the building. – Мыңдаған демонстранттар ғимаратты қоршап алды. ♦The basin was ringed with specks of dirt and hair. – Қол жуғыштың түбін айнала кір мен шаш тұрыпты. ♦The village is ringed with beautiful forests. – Ауылды айнала әдемі орман өскен. 2. ∼ smth (ғылыми зерттеу мақсатында) құстың аяғына сақина салу 3. ∼ smth (especially BrE) айналасын/ жан-жағын/ төңірегін сызу, шеңбер сызу (syn: circle) ♦Ring the correct answer in pencil. – Дұрыс жауапты қарындашпен шеңберле.
ring 2 [rɪŋ] A.v (pt rang [ræŋ], pp rung [rʌŋ])1. (BrE) (also call) (телефон) шалу, соғу, звондау ♦∼ smb/smth up I'll ring you up later. – Саған/ Сізге кейінірек шаламын. ♦He rang up the police station. – Ол полиция уческесіне шалды. ♦∼ smb/smth When is the best time to ring New York? – Нью-Йоркке қай уақытта звондаса болады? ♦∼ (up) David rang up while you were out. – Сен жоқ кезде Дэвид звондады. 2. (телефон ж) шырылдау, звонок келу ♦Will you answer the telephone if it rings? – Шырылдаса, телефонға жауап берші? ♦The phone rang and rang until eventually someone answered. – Телефон шырылдап қоймаған соң, ақыры біреу жауап берді. ♦I'm just waiting for the phone to ring. – Әшейін звонок күтіп отырмын. 3.қоңырау шалу/ соғу ♦∼ (smth) Someone was ringing the doorbell. – Біреу есік(тің) қоңырауын шалып жатты. ♦The church bells rang. – Шіркеу қоңыраулары соқты. ♦The doorbell rang loudly. – Есік қоңырауы қатты шыр ете түсті. ♦∼ for smb/smth Just ring for the nurse if you need her. – Медбике қажет болғанда әшейін қоңырауды басыңыз. ♦She climbed out of bed and rang for her maid. – Ол төсектен тұрды да күтушіні қоңыраумен шақырды. 4. ∼ (with smth) (literary) дыбысқа/ дауысқа тол(тыр)у (syn: resound) ♦The house rang with children's laughter. – Үйде балалардың күлкісі сыңғырлады. ♦Applause rang through the hall. – Ду қол шапалақ залды күмбірлетті. 5. ∼ (with smth) белгілі бір күйге, сапаға, тб толы болу ♦His words rang with pride. – Ол маңғаздана/ кеуде кере сөйледі. 6.құлақты жаңғырықтыру/ шуылдату ♦The music was so loud it made my ears ring. – Музыканың қатты болғаны соншама, құлағым тұнды. 7. (idm) *alarm bells ring/are ringing қобалжыту, уайымдату ♦The government’s proposal has set alarm bells ringing for people on low incomes. – Үкіметтің ұсынысы табысы аз адамдарды қобалжыта бастады. *ring a bell (informal) таныс сияқты естілу/ көріну ♦His name rings a bell but I can't think where we met. – Оның аты таныс сияқты, бірақ қай жерде жолықтырғаным есімде жоқ. *ring the changes (with smth) (BrE) өзгерту, түрлендіру ♦Ring the changes with a new colour. – Жаңа реңк енгізу. *ring in your ears/head әлі құлағында болу, ойынан кетпеу ♦His warning was still ringing in my ears. – Оның ескертуі әлі құлағымда (тұр). *ring off the hook телефон шырылдап қоймау ♦The phone has been ringing off the hook with offers of help. – Талай адам бірінен соң бірі телефон шалып, көмек ұсынды. *ring true/hollow/false шын/ өтірік көріну ♦It may seem a strange story but it rings true to me. – Бұл біртүрлі әңгіме сияқты, бірақ маған шын көрінеді. ♦His expressions of support rang rather hollow. – Оның қолдаймыз дегені құрғақ сөз болып көрінді. ♦His promise rang hollow. – Оның уәдесі құрғақ болып көрінді. 8. (phr v) *ring around/round (smb/smth) | ring around (BrE) телефон шалып/ звондап шығу ♦I rang around all the travel agents in the area. – Осы жақтағы барлық туристік агенттерге звондап шықтым. *ring back | ring smb back (BrE) қайта/ қайыра телефон шалу/ соғу/ звондау ♦He isn't here now - could you ring back later? – Ол бұнда емес, кейінірек қайта шаласыз ба? *ring in (BrE) телерадио шоуға, тб телефон шалу/ звондау ♦People from all over the country have been ringing in to make donations. – Елдің түкпір-түкпірінен шалып, ақшалай жәрдем беріп жатты. *ring in smth қоңырау шалып жаңа жылды, тб мерекелеу *ring off (BrE) сөйлесіп болған соң телефон тұтқасын қою ♦He rang off before I could explain. – Мен түсіндіргенше ол телефонды қоя салды. *ring out қатты, анық естілу ♦A number of shots rang out. – Тарс-тұрыс атылған мылтық үні естілді. ♦The church bells rang out across the valley. – Шіркеу қоңыраулары алқапты жаңғырықтырды. *ring through (to smb) (BrE) телефон шалу, звондау ♦Reception just rang through to say my visitor has arrived. – Астынан звондап қонағымның келгенін айтты. *ring smth up сатып алған заттар бағасын кассада басу ♦She rang up all the items on the till. – Ол кассадағы барлық затты есептеді. ♦The company rang up sales of $166 million last year. – Компания былтыр $166 млн-ның товарын сатты. B.n 1.қоңырау үні, сыңғыр, шырыл ♦There was a ring at the door. – Есік шылдырлады. ♦He gave a couple of loud rings on the doorbell. – Ол бір-екі рет есік қоңырауын қатты басты. 2.қатты, ашық дауыс ♦the ring of horse’s hooves on the cobblestones – тас төселген жолдағы ат тағасы сыңғыры 3. ∼ (of smth) сөзде, тб белгілі бір сапа, ұғым, тб болу ♦His explanation has a ring of truth about it. – Сөздерінде бұл жайлы бір шындық болды. ♦Her protestation of innocence had a hollow ring to it. – Оның кінәсізбін деп өзеуреуі әшейін бос сөз еді. ♦The story had a familiar ring to it. – Әңгіме оған таныс көрінді. 4. (idm) *give smb a ring (BrE, informal) біреуге телефон шалу/ соғу/ звондау ♦I'll give you a ring tomorrow. – Саған ертең шаламын.