riot [ˈraɪət] A.n 1.бүлік, бұзақылық, тәртіпсіздік, лаң ♦One prison guard was killed when a riot broke out in the jail. – Түрмеде бүлік болған кезде бір абақты күзетшісін өлтірген. ♦He was killed in the riots. – Ол бүлік кезінде өлді. ♦Shortages eventually led to food riots. – Азықтың жетіспеушілігінен бүлік болды. 2. ∼ of smth (formal) жиынтық, жинақ, жима, құрақ, құрама ♦The garden was a riot of colour. – Бақ алуан түске толы еді. ♦The market was a riot of unfamiliar sounds and smells. – Базар таңсық дыбыстар мен иістерге толы еді. ♦A riot of emotions raged through her. – Бойын неше түрлі сезім кернеді. 3. a ∼ (old-fashioned, informal) күлдіргі нәрсе не оқиға ♦The movie is a laugh riot. – Кинодан ішек-сіле(ң) қатады. 4. (idm) *read (smb) the Riot Act (BrE) біреуге қатаң ескерту *run riot a) бұзақылық жасау, қағыну, жінігу (syn: rampage) ♦They let their kids run riot. – Олар балаларын тыймады. ♦Local youths ran riot after the attack. – Шабуылдан соң жергілікті жастар көтерілді. b) қиялына, сезіміне ерік беру ♦An artist must learn to let his imagination run riot. – Өнер адамды қиялына ерік беріп үйренуі тиіс. ♦These prejudices have been allowed to run riot for too long. – Бұл жаңсақ түсініктерге тым көп уақыт ешкім көңіл аудармады. c) (өсімдіктер ж) қаулай/ қаптай өсу B.v (кісілер тобы ж) бұзақылық жасау, бүлік шығару ♦Students all over the country rioted against the government. – Елдің барлық жеріндегі студенттер үкіметке қарсы көтерілді. ♦The fans rioted after their team lost. – Командасы ұтылған соң жанкүйерлер бұзақылық жасады.