ripple [ˈrɪpl] A.n 1. тербеліс, бүлкіл, шағын толқын ♦The air was so still that there was hardly a ripple on the pond's surface. – Ауаның тынықтығы соншама, тоғанның үсті бүлк етпеді десе болады. ♦(ауысп мағ) ripples of sand – сусыған құм 2. ∼ of smth гу, ду ♦a ripple of applause/laughter – ду қол шапалақтау/ күлкі ♦His remarks sent a ripple of laughter through the audience. – Оның сөздеріне көрермендер ду күлді. 3. ∼ of smth діріл (сезімнің) ♦A ripple of fear passed through him. – Денесі қорқыныштан дір ете қалды. ♦The announcement sent a ripple of excitement through the crowd. – Хабар жұртты бір елең еткізді. ♦Her visit caused no more than a ripple of interest. – Оның келісіне пәлендей ешкім елең ете қоймады. 4. (idm) *create/make ripples | create/make a ripple елең еткізу, елеңдету, біліну, әсері болу ♦It's a film that promises to create ripples. – Бұл фильм жұртты елеңдететін болады. ♦The debate has barely made a ripple here. – Дебат бұл жерде ешкімді елең еткізбеді. B.v 1.тербелу, тербету, толқында(т)у ♦The sea rippled and sparkled. – Теңіз тербеле жымыңдады. ♦rippling muscles – бұлтылдаған бұлшық ет ♦∼ smth The wind rippled the wheat in the fields. – Жел егістіктердегі астықты тербетті. 2.дір еткізу ♦A gasp rippled through the crowd. – Жұрт аһ деді.