rise [raɪz] A.v (pt rose [rəʊz], pp risen [ˈrɪzn]) 1.көтерілу, жоғарылау ♦The curtain rose to reveal an empty stage. – Перде көтеріліп, бос сахна көрінді. ♦Smoke was rising from the chimney. – Тұқылдырықтан түтін көтеріліп жатты. ♦The river has risen by several metres. – Өзен бірнеше метрге көтерілді. ¨A stream of bubbles rose to the surface. – Көпіршік ағыны жоғары көтерілді. ♦The flood waters were rising fast. – Тасыған су тез көтеріліп жатты. 2. өсу, жоғарылау, көтерілу, ұлғаю ♦Prices are still rising. – Бағалар әлі өсуде. ♦rising fuel bills – қымбаттап жатқан отын шығындары ♦The price of gas rose. – Газ бағасы өсті. ♦∼ in smth Gas rose in price. – Газ бағасы өсті. ♦∼ by smth Unemployment rose by 3 per cent. – Жұмыссыздық 3 процентке өсті. ♦∼ to smth Interest rates rose to a six-year high. – Проценттік ставкалар алты жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. ♦to rise sharply/dramatically/rapidly/steeply – күрт/ қауырт/ шапшаң/ күрт өсу ♦to rise steadily/slightly – бірқалыпты/ аздап өсу 3. (күн, ай, тб ж) шығу, туу, көтерілу (opp: set) ♦The sun rises in the east. – Күн шығыстан шығады. ♦It was almost dark and the moon was just rising. – Біршама қараңғы еді, ай енді туып келе жатқан. 4.жоғарылау, көтерілу, табысты/ мықты болу ♦a rising young politician – туып келе жатқан жас саясаткер ♦He rose to prominence in the 90s. – Оның атағы 90 жылдарды шықты. ♦to rise to fame/power – әйгілі/ қуатты болу ♦You could rise to the top if you work hard. – Аянбай жұмыс істесең, алдына шығасың. ♦He rose to the rank of general. – Ол генерал шеніне жетті. 5. (formal) түрегелу, тұру, көтерілу (syn: get up) ♦He was accustomed to rising early. – Ол ерте тұрып үйренген еді. ♦They rose from the table. – Олар столдан тұрды. ♦She rose to her feet. – Ол түрегелді. 6. (formal) жиналысты, тб аяқтау (syn: adjourn) ♦The House rose at 10 p.m. – Қауымдар палатасы мәжілісті кешкі сағат онда аяқтады. 7. (дауыс, дыбыс ж) күшею, қатаю ♦Her voice rose angrily. – Даусы ашудан қатты шыға бастады. 8. (жел ж) үдеу, күшею ♦The wind is rising - I think there's a storm coming. – Жел үдей түсті – дауыл болатын шығар. 9. (formal) (сезім ж) күшею ♦He felt anger rising inside him. – Ашуының қысып бара жатқанын сезді. ♦Her spirits rose at the news. – Хабарды ести көңілі тасыды. 10. (formal) (бет, жүз ж) қызару 11. (шаш ж) тікірею, көтерілу ♦The hair on the back of my neck rose when I heard the scream. – Шыңғырысты есітгенде шүйде шашым тікірейді/ тік тұрды. 12. ∼ (up) (against smb/smth) (formal) үкіметке, тб қарсы көтерілу, көтеріліс жасау (syn: rebel) ♦The peasants rose in revolt. – Шаруалар көтерілді/ көтеріліске шықты. ♦He called on the people to rise up against the invaders. – Ол халықты басқыншыларға қарсы көтерілуге шақырды. 13. (formal) көтерілу, асқақтау ♦Mountains rose in the distance. – Таулар алыста асқақтады. 14. (жер ж) биіктеу, жоғарылау ♦The ground rose steeply all around. – Айнала күрт биіктеді. ♦Behind the house the ground rises steeply to the north. – Үйдің артында жер солтүстікке қарай күрт биіктейді. 15. (өзен ж) басталу ♦The Thames rises in the Cotswold hills. – Темза Котсуолд жотасынан/ қырқасынан басталады. 16. (қамыр, тб ж) ашу, ашытқының әсерінен ісіну/ көтерілу 17. ∼ (from smth) қайта туу/ жандану ♦to rise from the dead – тірілу ♦(figurative) Can a new party rise from the ashes of the old one? – Жаңа партия ескі партияның қирандысынан қайта туа ала ма? 18. (idm) *draw yourself up/rise to your full height түрегелу, тік тұру ♦He drew himself up to his full height and glared at us. – Ол қақия түрегеліп тұрып, бізге ызалы көзбен қарады. *smb’s gorge rises (formal) [қ-з: (А2) gorge] * smb’s hackles rise [қ-з: hackles (2)] *rise and shine (old-fashioned) (төсектен) тұр(ыңдар) 19. (phr v) *rise above smth a) еңсеру, жасымау, асу, көтерілу ♦She had the courage and determination to rise above her physical disability. – Жігері мен тегеурінінің арқасында ол өз кемтарлығынан жасымады. ♦He had struggled hard to rise above his humble background. – Бай жерден шықпағандықтан, өмірде жоғарылау үшін ол қатты айқасты. b) теріс ойға/ ұғымға бой алдырмау/ төтеп беру ♦I try to rise above prejudice. – Теріс ұғымға бой бермеуге тырысамын. c) басқаларынан сапасы, дейгейі биік болу ♦His work rarely rises above the mediocre. – Оның жұмысы ортаңғолдан аса қоймайды. *rise to smth a) күтпеген жағдайды/ проблеманы игере алу ♦Luckily, my mother rose to the occasion. – Сәтін салғанда, анам жағдайды игере алды. ♦He was determined to rise to the challenge. – Ол сынға төтеп беруге бел буды. b) арандатуға не азғыруға берілмеу/ бой алдырмау/ бой бермеу ♦I refuse to rise to that sort of comment. – Ондай сөзге қылп етпеймін. ♦As soon as I mentioned money, he rose to the bait. – Ақшаны айтуым мұң екен, ол елең етті. B.n 1.өсу, ұлғаю, өсім, көтерілу, жоғарылау ♦The industry is feeling the effects of recent price rises. – Индустрия жуырдағы баға өсімінің әсерін сезуде. ♦a tax rise – салықтың өсуі ♦an interest rate rise – проценттік ставканың өсуі ♦the rise and fall of daily temperatures – күнделікті температуралардың өсуі мен төмендеуі ♦Sea level rises threaten low-lying communities. – Теңіз деңгейінің өсуі төмен жатқан қауымдарға қауіп төндіреді. ♦a steep/dramatic/sudden rise in something – бірн-ң күрт/ қауырт/ кенет өсуі ♦a steady/gradual rise in something – бірн-ң бірқалыпты/ баяу өсуі ♦a five per cent rise in train fares – пойыз бағасының бес процентке өсуі 2. (BrE) (NAmE raise) еңбекақының өсуі ♦I'm going to ask for a rise. – Жалақымды арттыруды сұрамақпын. ♦He criticized the huge pay rises awarded to industry bosses. – Ол индустрия бастықтарының жалақысының соншама өсуін сынады. ♦Wage rises have been held at 1 per cent. – Жалақының өсуін бір процентпен шектеді. 3.өсу, ұлғаю, көтерілу, жоғарылау ♦∼ of smb/smth The film traces the rise of fascism in Europe. – Фильм Европада нацизмнің пайда болуын зерттейді. ♦the rise and fall of the British Empire – Британ империясының шарықтауы мен құлдырауы ♦the rise and rise of social media – әлеуметтік медианың қауырт дамуы ♦∼ to smth the party's rise to power – партияның билікке келуі ♦her meteoric rise to stardom – оның жарқ етіп жұлдыз болуы ♦London's rise to prominence as a financial centre – Лондонның қаржы орталығы ретінде әйгіленуі. 4. беткей, биіктейтін/ жоғарылайтын тұс (syn: slope) ♦The church was built at the top of a small rise. – Шіркеу аласа беткейдің үстіне салыныпты. 5. (idm) *get a rise out of smb біреуді арандату, жынына тию *give rise to smth (formal) түрткі/ себеп болу