risk [rɪsk] A.n 1.қауіп, тәуекел, ықтимал зиян/ зарар, қиын жағдай, риск ♦The health risks are very low. – Денсаулыққа келетін қауіп өте аз. ♦∼ of smth a high risk of failure – сәтсіздікке ұшыраудың ірі қаупі ♦a serious/significant risk of something – бірн-ң үлкен/ айтарлықтай қаупі ♦Use filters or boil water to minimize the risk of infection. – Инфекция қаупін азайту үшін фильтр қолдану не су қайнату керек. ♦∼ of doing smth Smoking can increase the risk of developing heart disease. – Темекі жүрек ауруына шалдығу қаупін ұлғайтуы мүмкін. ♦∼ (that)… There is still a risk that the whole deal will fall through. – Әлі де контрактіге қол қоймау қаупі бар. ♦∼ to smb/smth The chemicals pose little risk to human health. – Адам денсаулығына химикаттардан келетін қауіп аз. ♦a calculated risk – болжанған қауіп ♦Trying new things can be a gamble, but it's worth the risk. – Жаңа іс бастау құмар ойыны сияқты болуы мүмкін, алайда тәуекел етуге болады. ♦Make sure you understand the risks and benefits. – Қаупі мен зиянына көз жеткізу керек. 2.қауіп төндіретін нәрсе я адам, қауіп, қатер, қиындық ♦Those old boxes in the corridor are a fire risk. – Коридордағы ескі жәшіктер - тұтанғыш. ♦a safety/health risk – амандық/ денсаулық қаупі ♦∼ to smb/smth The group was considered to be a risk to national security. – Топты ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп есептеді. ♦Pollutants in the river pose a real risk to the fish. – Өзендегі лас заттар балыққа қатерлі. 3. a good/bad/poor ∼ сенімді/ күмәнді клиент ♦With five previous claims, he's now a bad insurance risk. – Осыған дейін бес рет төлем талап еткен соң, ол енді күмәнді сақтандыру (страхование) клиенті. ♦He's a good insurance risk. – Ол сенімді сақтандыру клиенті. 4. (idm) *at risk қауіп/ қатер/ қауіп-қатер төнген ♦As with all diseases, certain groups will be more at risk than others. – Барлық аурулардағыдай, кейбір топтарға көбірек қауіп төнбек. ♦If we go to war, innocent lives will be put at risk. – Соғысатын болсақ, бейкүнә жандардың өміріне қауіп төнбек. *at the risk of doing smth ағат болса да айтайын, тб ♦At the risk of showing my ignorance, how exactly does the internet work? – Білместігімді көрсетсем де сұрайын, интернет нақты қалай істейді? *at risk to yourself/smb/smth өзіне/ біреуге/ бірн-ге қауіп төндіре/ төнсе де, тәуекел ете ♦He dived in to save the dog at considerable risk to his own life. – Өз өміріне әжептәуір қауіп төнсе де ол итті құтқару үшін суға сүңгіді. ♦He saved the child at considerable risk to himself. – Өзіне төнген әжептәуір қауіпке қарамастан ол баланы құтқарды. *do smth at your own risk қауіпке бас тіге істеу, тәуекел ете істеу, қауіпті жағдайға өзі жауапты болу ♦Persons swimming beyond this point do so at their own risk. – Бұл нүктеден әрі жүзетін кісілер қауіпті жағдайға өзі жауапты. ♦Valuables are left at their owner's risk. – Бағалы заттарға кісілер өзі жауапты. *run a/the risk (of smth/of doing smth) | run risks қауіпке бас тіге істеу, қауіпке/ тәуекелге бару ♦People who are overweight run a risk of a heart attack or stroke. – Салмағы артық адамдардың жүрек ауруына не инсультқа шалдығу қаупі бар. ♦Investment is all about running risks. – Инвестиция - тәуекел ету деген сөз. *take a risk | take risks тәуекелге бару, қауіпті біле тұра істеу ♦That's a risk I'm not prepared to take. – Бұндай тәуекелге баруға әзір емеспін. ♦You have no right to take risks with other people's lives. – Басқа адамдардың өміріне қауіп төндіруге хақың жоқ. B.v 1. ∼ smth тәуекел ету, қауіпке/ тәуекелге бару, басын, тб бәске тігу, басын, тб қауіпке/ қатерге тосу, қиындыққа бару ♦He risked his life to save her. – Ол оны құтқару үшін өз өмірін бәске тікті. ♦She was risking her own and her children's health. – Ол өзі мен балаларының өмірін қауіпке тосты. ♦∼ smth on smth He risked all his money on a game of cards. – Ол бар ақшасын картаға салды. 2.тәуекел ету, қиын/ қауіпті жағдайға бару ♦∼ smth There was no choice. If they stayed there, they risked death. – Басқа амал болмады. Олар онда қалса өміріне қауіп төнер еді. ♦∼ doing smth These families risked losing everything. – Бұл үй-ішілер бәрінен айырылып қалар еді. ♦∼ smb/smth doing smth I can't risk anyone telling my parents about it. – Бұл жайлы ата-анама айтып, ешкімді қинағым келмейді. 3.тәуекелге/ қиындыққа бару ♦∼ smth He risked a glance at her furious face. – Ол оның ашулы жүзіне ұрлана қарады. ♦They risked the wrath of the government by leaking the story. – Үкіметтің қаһарына ұшырау қаупіне қарамастан, олар әңгіме жайлы сөз таратты. ♦It was a difficult decision but we decided to risk it. – Қиын шешім болса да тәуекел етіп көрмек болдық. 4. (idm) *risk life and limb | risk your neck [қ-з: limb (4)]