roar [rɔː(r)] A.v 1.ақыру, ұлу ♦We heard a lion roar. – Арыстанның ақырысын естідік. The gun roared deafeningly. – Мылтық атылғанда құлақ тұнды. The engine roared to life. – Мотор баж ете оталды. The wind was roaring in my ears. – Көз алдымда жел ұлып жатты. The man roared in pain and fury as he tried to get to his feet. – Түрегелмек болған кісі шаншу мен ызадан ақырды. 2.ақыру, айқайлау ♦The crowd roared. – Жұрт ақырып-шақырды. ♦∼ smth (out) The fans roared (out) their approval. – Жанкүйерлер құптай ақырды. He roared out James’s name. – Ол Джеймсті айқайлай шақырды. 3.қарқылдай күлу ♦He looked so funny, we all roared. – Оның күлкілі көрінгені сонша(ма), бәріміз қарқылдадық. ♦∼ with laughter It made them roar with laughter. – Осыған бола олар қарқылдай күлді. 4. (көлік ж) бажылдай/ зуылдай қозғалу, жөңкіту, құйғыту ♦She put her foot down and the car roared away. – Газды басуы мұң екен, машина баж ете ытқыды. A group of young men on motorcycles roared past. – Мотоцикл айдаған бір топ жас құйғытып өтті. 5. (от ж) гүрілдей жану ♦A log fire was roaring in the hearth. – Ағаш ошақта гүрілдей жанды. B.n 1.ақыру, ақырыс ♦His speech was greeted by a roar of applause. – Оның сөзіне дүркірей қол шапалақтады. The crowd burst into roars of laughter. – Жұрт қарқылдай күлді. 2.гүріл, дүріл ♦I could barely hear above the roar of traffic. – Машинаның шуынан ешнәрсе ести алмадым. the roar of the Atlantic – Атлант мұхитының гүрілі