roaring [ˈrɔːrɪŋ] adj 1.гүрілдеген, күркіреген, дүрілдеген ♦All we could hear was the sound of roaring water. – Бар естігеніміз гүрілдеген су дауысы болды. ♦There was a roaring fire in the grate, piled high with logs. – Ағаш үйліген пеш гүрілдей жанды. 2. (idm) *do a roaring trade (in smth) (informal) тез сату, дүркірете сату ♦The ice-cream vendors were doing a roaring trade. – Балмұздақ сатушылардың саудасы қызып жатты. *roaring drunk құлай мас болған/ ішкен ♦He rolled home roaring drunk at 3 o’clock in the morning. – Ол үйге таңғы үште мас болып еңбектей келді. *a roaring success (informal) керемет табыс/ жетістік