rock [rɒk] A.n 1. жер қыртысы, тау жынысы ♦They drilled through several layers of rock to reach the oil. – Олар мұнайға жету үшін жер қыртысының бірнеше қабатын бұрғылады. ♦a cave with striking rock formations – таңданарлықтай тау жынысынан түзілген үңгір ♦The tunnel was blasted out of solid rock. – Туннельді тасты/ жарды қопарып салған. ♦volcanic/igneous/sedimentary rocks – вулкан(дық)/ қатқан магмадан пайда болған/ шөгінді тау жыныстары 2. жартас, жар, тас ♦the Rock of Gibraltar – Гибралтар жартасы ♦The ship hit some rocks and sank. – Кеме бір жартастарға соғылып, батып кетті. ♦A great rock jutted out into the water. – Алып жартас суға бұлтия шығып тұрды. ♦(ауысп мағ) He is my rock. – Ол – менің тірегім. 3. (ірі) тас ♦They clambered over the rocks at the foot of the cliff. – Олар құздың етегіндегі тастарға шықты. ♦The sign said ‘Danger: falling rocks’. – Белгіде «Қатер: құлайтын тастар» деп жазылған. ♦to step from rock to rock – тастан тасқа аяқ басу 4. (NAmE) (кішкентай) тас ♦Protesters pelted the soldiers with rocks. – Протестшілер солдаттарға тас лақтырды. 5. (also rock music) рок-музыка ♦punk/indie/classic rock – панк-рок/ жеке топтың рогы/ классикалық рок ♦a rock band/star/concert – рок-ансамбль/ рок-жұлдыз/ рок-концерт 6. (BrE) таяқша пішінді кәмпит/ тәтті 7. (NAmE, informal) асыл тас, бағалы тас (м.: бриллиант) 8. (idm) *(caught/stuck) between a rock and a hard place [place: (A14)] *get your rocks off (slang) a) оргазмға бату b) қызықты нәрсесін істеу ♦He gets his rocks off listening to rap. – Ол рәп тыңдап, жаны жай табады. *on the rocks a) қиын жағдайдағы, қиналған ♦Sue's marriage is on the rocks. – Сью күйеуімен болмай жүр. b) мұз салып берген ішімдік ♦Scotch on the rocks – мұз салған скотч (виски) *(as) steady as a rock «жартастай ұстамды», байсалды B.v 1. (баяу) шайқа(л)у, теңсел(т)у ♦The boat rocked from side to side in the waves. – Қайық толқында екі жанына шайқалды. ♦She was rocking backwards and forwards in her seat. – Орнында әрі-бері шайқалды. ♦∼ smb/smth He rocked the baby gently in his arms. – Сәбиді қолына алып, әрі-бері жұмсақ шайқады/ қозғады. 2. ∼ smb/smth (rather informal) састыру, аңтарылту, үркіту ♦The country was rocked by a series of political scandals. – Бірнеше саяси дау елді шайқалтты. ♦The news rocked the world. – Хабар әлемді дүр сілкіндірді. 3.сілкіну, теңселу ♦The house rocked when the bomb exploded. – Жарылған бомба үйді сілкіндірді. ♦∼ smth The town was rocked by an earthquake. – Жер сілкінісі қаланы шайқады. ♦(figurative) The scandal rocked the government. – Дау үкіметті теңселтіп жіберді. 4. (old-fashioned) рок-музыкаға билеу 5. smth ∼s (slang) өте жақсы дегенді білд ♦Her new movie rocks! – Оның жаңа фильмі – мықты(-ақ)! 6. ∼ smth (informal) сәнді киіну, сәнді шаш қою (киім) кию ♦We'll tell you how to rock this season's hottest looks. – Сізге осы маусымдағы ең мықты киімдердің қандай екенін айтамыз. ♦She rocked a red leather skirt at the award ceremony. – Сыйлық беру рәсімінде ол қызыл былғары юбка киді. 7. (idm) *rock the boat (informal) пәле салу, жағдайды бұзу, мәселе тудыру ♦She was told to keep her mouth shut and not rock the boat. – Оған аузын тиып, пәле салмауын айтты. *rock/shake the foundations of smth | rock/shake smth to its foundations [қ-з: foundation: (5)] 8. (phr v) *rock out рок-музыка орындау, рок-музыкаға билеу