roll [rəʊl] A.v 1.домала(т)у ♦The ball rolled down the hill. – Доп төбеден еңіске домалады. Tears rolled down her cheeks. – Бетіне жас моншақтады. We watched the waves rolling onto the beach. – Жағаға түйдектеліп келіп жатқан толқындарға қарадық. The marble rolled behind the sofa. – Шағын допша диванның артына домалап кетті. ♦∼ smth Delivery men were rolling barrels across the yard. – Жеткізушілер аулада бөшкелерді домалатып жатты. He rolled the boulder aside. – Ол жұмыр тасты бір шетке домалатты. 2.аунау, аударып-төңкеру, домалату ♦Her eyes rolled. – Көздері аударылып-төңкерілді. a dog rolling in the mud – балшыққа аунап жатқан ит ♦∼ smth She rolled her eyes. – Көздерін аударып-төңкерді. smth He was rolling a pencil between his fingers. – Қарындашты саусақтарының арасында домалатты. 3. аудару, төңкеру ♦∼ over She rolled over to let the sun brown her back. – Ол күн арқасын қыздырсын деп аунады. He quickly rolled over and got to his feet. – Ол аунап барып түрегелді. ♦∼ over onto smth I rolled over onto my stomach. – Аунап етпетіммен жаттым. ♦∼ onto smth He rolled onto his back. – Арқасына аунады. ♦∼ smb/smth onto smth She rolled the patient onto his side. – Ол науқасты/ пациентті бір бүйіріне аунатты. ♦∼ smth (especially NAmE) She rolled her car in a 100 mph crash. – Ол сағатына 100 мильмен жүрем деп машинасын аударып алды. 4. ∼ smth сүйек тас/ кубик лақтыру ♦Each player rolls their dice. – Әр ойыншы өз кубиктерін лақтырады. Roll a six to start. – Бастау үшін лақтырғанда алты түсу керек. 5.жылж(ыт)у, қозғал(т)у ♦The car began to roll back down the hill. – Машина төбеден кейін түсе бастады. The traffic rolled slowly forwards. – Көлік нөпірі алға баяу қозғалды. 6. (бірқалыпты) жылжу, қозғалу, ағу ♦Mist was rolling in from the sea. – Тұман теңізден бері жылжып келе жатты. In the afternoon, dark clouds rolled in. – Түстен кейін қарақошқыл бұлттар пайда бола бастады. The fog was rolling off the moors. – Саздақтан тұман жылжып келе жатты. the sound of waves rolling in to the shore – жағамен түйісіп жатқан толқындар үні 7.домалану, домалақтау, (түтік сияқты етіп) ора(л)у, шиыршықта(л)у ♦∼ smth into smth I rolled the string into a ball. – Жіпті домалақтадым/ домалақ ете орадым. Roll the mixture into small balls and place them on a baking tray. – Шыламаны кішкентай етіп домалақтап, пісіретін астауға қойғын. ♦∼ smth up We rolled up the carpet. – Кілемді орадық. a rolled-up newspaper – шиыршықтаған газет The hedgehog rolled (up) into a ball.Кірпі домаланды. 8. ∼ smth (темекі жасау үшін) қағазды шиыршықтау/ орау ♦He leaned on the table and rolled a cigarette. – Ол столға еңкейіп темекісін орады. I always roll my own. – Өз темекімді қашан да өзім ораймын.9. (жеңін, балағын) түру ♦∼ smth up Roll up your sleeves. – Жеңін түру. ♦∼ smth down Alice rolled down her sock to reveal a scar on her ankle. – Әлис носкиін төмен түсіріп, тобығындағы тыртықты көрсетті. ♦∼ smth She rolled her jeans to her knees. – Джинсыйын тізесіне дейін түрді. 10. (оқтаумен, тб) жаю, жайпақтау ♦Pizza dough should be rolled thinly.Пиццаның қамырын (оқтаумен) жұқа етіп жаю керек. 11.қымтау, орау, жабу ♦∼ smb/smth/yourself in smth Roll the meat in the breadcrumbs. – Еттің үстіне нан қоқымын сеп. ♦∼ smb/smth/yourself up in smth He rolled himself up in the blanket. – Ол көрпеге оранды. 12. ∼ (smth) теңселу, шайқалу ♦He walked with a rolling gait. – Ол теңселе жүрді. ¨The ship was rolling heavily to and fro. – Кеме қатты шоқаңдады. 13. гуілдеу, уілдеу, дүрілдеу ♦rolling drums – дүрсілдеген дабылдар/ барабандар Thunder rolled. – Күн күркіреді. ♦∼ smth to roll your r’s – «р»-ды дірілдете дыбыстау 14. (видеокамераны, тб) істету ♦They had to repeat the scene because the cameras weren't rolling. – Олар көріністі қайталауға мәжбүр болды, себебі камералар істемей тұр еді. ♦∼ smth Roll the cameras! – Камераларды істет! 15. (informal) жүріп-тұру, тб ♦She surprised her fans with a completely new look because that's how she rolls. – Ол тілеулестерін өзінің жаңа келбетімен таңғалдырды, себебі енді ол осындай. 16. (idm) *​be rolling in money/it (informal) ақшасы көп болу *get/set/start/keep the ball rolling істі бастау; істі тоқтатпау *heads will roll (for smth) ​[қ-з: head (А21)] *let’s roll (informal, especially NAmE) кіріселік, басталық *ready to roll [қ-з: ready (А7)] *rolled into one бірнеше нәрсе біріккен ♦Mum was cook, chauffeur, nurse, and entertainer all rolled into one. – Мамамның бір өзі аспаз да, шофер да, бағып-қағушы да, өнерпаз да еді. *rolling in the aisles (informal) ішек-сілесі қата күлген, тоқтаусыз күлген ♦She soon had us rolling in the aisles. – Біраздан соң ол бәріміздің ішек-сілемізді қатыра бастады. *roll (over) in his/her grave (NAmE) (BrE turn in his/her grave) ​[қ-з: grave (А3)] *a rolling stone gathers no moss [қ-з: moss (2)] *roll/slip/trip off the tongue айтуға жеңіл болу ♦It's not a name that exactly rolls off the tongue, is it? – Бұл айтуға жеңіл ат/ есім емес, иә? *roll on…! (BrE, informal) тезірек болса екен ♦Roll on Friday! – Жұма тезірек келсе екен! *roll up your sleeves жеңін түру, жұмысқа я төбелеске әзірлену *roll with the punches [қ-з: punch (B5)] 17. (phr v) *roll around (BrE also roll about) ішек-сілесі қата күлу, өзін-өзі тоқтата алмай күлу *roll smth back a) кері кету, шегіну ♦Many of the gains made in the last 20 years have been rolled back. – Соңғы жиырма жылда жеткен табыстардың көбі кері кетті. b) әрі/ алысқа жылжыту ♦(figurative) to roll back the frontiers of space – ғарыш/ космос шекарасын ысыру c) (NAmE) бағаларды, тб азайту ♦to roll back inflation – инфляцияны түсіру *roll smth down a) (түсіре) ашу ♦He rolled down his car window and started shouting at them. – Ол машинасының терезесін түсіріп (яғни, ашып) оларға айқайлай бастады. b) түрілген жеңді, балақты, тб түсіру/ жазу/ жаю ♦to roll down your sleeves – жеңін түсіру/ жазу *roll in (informal) a) ағылып/ көп болып келу ♦Offers of help are still rolling in. – Жұрт әлі көмек ұсынуда. b) келу, жету ♦Steve rolled in around lunchtime. – Стив түс кезінде әйтеуір жетті. *roll smth out a) (қамырды, тб оқтаумен, тб) жаю, жазу, жайпақ ету ♦Roll out the dough on a floured surface. – Қамырды ұн себілген дастарханға жай. b) жаңа өнімді таныстыру, айналымға енгізу; жаңа саяси науқан бастау (syn: launch) ♦The new model is to be rolled out in July. – Жаңа модель шілде айында шықпақ. *roll over (informal) оңай берілу/ жеңілу/ көну ♦We can't expect them to just roll over for us. – Олар бізге оңай беріле салады деп ойламауымыз керек. They thought the unions would roll over. – Олар кәсіподақтар оңай көне салады деп ойлады. *roll smb over (BrE, informal) оңай жеңу ♦They rolled us over in the replay. – Қарымта кездесуде олар бізді ойсырата жеңді. *roll smth  over (specialist) қарызды кеш төлеуге рұхсат беру ♦The bank refused to roll over the debt. – Банк қарызды кеш төлеуге рұхсат бермеді. *roll up (informal) келу, жету ♦Bill finally rolled up two hours late. – Билл ақыры екі сағаттан кейін жетті. Roll up! Roll up! – Тезірек! Тезірек! *roll smth up тұтқаның көмегімен ашып-жабу ♦She rolled up all the blinds. – Ол пердені көтерді. B.n 1. (also bread ∼) домалақ нан ♦Soup and a roll: £3.50 – Суп пен нан: £3.50 a chicken/cheese, etc. roll – ішіне тауық/ сыр толтырған нан a hot bacon roll – ішінде бэкон бар нан Bake the rolls for 18-20 minutes. – Нанды 18-20 минут пісір. 2.орау, орам(а), рулон ♦∼ of smth a roll of fabric/wrapping paper – бір орам мата/ орайтын қағаз ♦(BrE) There's a roll of kitchen paper next to the sink. – Жуғыштың қасында бір орам(а) кухня қағазы бар. in a  Wallpaper is sold in rolls. – Тұсқағаз/ Обойлар орам(а) күйінде сатылады.3. ∼ (of smth) (NAmE) орам, орау, орама (кәмпиттің, тәттінің, тб) ♦a roll of mints – бір орам тәтті Take five bucks, go to the bank and get a roll of dimes. – Бес долларды алып банкке барып майдалап, он центтік тиындар алып кел. 4.аунау ♦The kittens were enjoying a roll in the sunshine. – Марғаулар (мысықтың балалары) күнде аунап-қунап жатты. 5. (қолымен жер тірей не тіремей алға не артқа, не жанға) айналу; домалау; сальто (syn: somersault) ♦a forward/backward roll – алға/ артқа домалау/ айналу He did a forward roll to celebrate his goal. – Ол гол кіргізгеніне мәз болып, алға сальто жасады/ алға қарай әуеде айналып түсті. 6.теңселу, теңселе қозғалу 7.денедегі май(лы тұс), іш май, қарын май ♦Rolls of fat hung over his belt. – Белдігінен аса семіз қарны салбырап тұрды. 8.тізім (адамдардың) ♦the electoral roll – сайлаушылар тізімі The chairman called/took the roll. – Төраға тізімдегілердің аттарын атап тексерді. 9. ∼ (of smth) күркіреу, гүрілдеу, күркірес, гүріл ♦the distant roll of thunder – алыстағы күннің күркіреуі 10.сүйек тас/ кубик лақтыру/ иіру ♦The order of play is decided by the roll of a dice. – Ойын ретін сүйек тас иіріп анықтайды. 11. (also trill) (phonetics) /r/ (яғни, қазақша /р/) дыбысының дірілдей шығуы 12. (idm) *be on a roll (informal) ісі сәтті болып жату ♦The club was on a roll, having won their last six basketball games. – Кейінгі алты ойынын ұтып, клуб табысты кезеңде еді. *a roll in the hay (informal) біреумен жыныс қатынасына түсу