root [ruːt] A.n 1.тамыр, түп, түбір, түп-тамыр (өсімдіктің, шөптің, тб) ♦deep spreading roots – терең бойлайтын тамырлар ♦Tree roots can cause damage to buildings. – Ағаш тамырлары үй-жайларға зиян келтіруі мүмкін. ♦by the ∼s I pulled the plant up by the roots. – Өсімдікті тамырымен қосы жұлдым. ♦root vegetables/crops – тамыры жеуге жарамды көкөніс/ дақыл (м.: сәбіз) ♦Good soil promotes strong root growth. – Жақсы топырақ тамырдың мықты болып өсуіне сеп болады. ♦Root tips die quickly when exposed to light and air. – Жарық пен жел тисе, тамыр ұштары тез өледі. 2.тамыр, түп, түбір, түп-тамыр (шаштың, тістің, тб) ♦hair that is blonde at the ends and dark at the roots – ұшы аққұба, түбі қара шаш 3.негізгі себеп, түп-тамыр, тамыр, түбір ♦∼ of smth Money, or love of money, is said to be the root of all evil. – Ақша не ақшақұмарлық барлық зұлымдықтың түп-тамыры дейді. ♦We have to get to the root of the problem. – Мәселенің түп-тамырына/ өзегіне бойлауымыз керек. ♦at the ∼ of smth What lies at the root of his troubles is a sense of insecurity. – Оның проблемаларының негізгі себебі – қорғансыздық сезімі. ♦What would you say was the root cause of the problem? – Мәселенің негізгі себебі не болды деп ойлайсың(ыз)? 4.төркін, тамыр, бастау ♦Flamenco may have its roots in Arabic music. – Фламенконың (шыққан) төркіні араб музыкасы болуы мүмкін. ♦The festival has ancient and deep roots in English culture. – Фестивальдің ағылшын мәдениетінен бастау алатын ежелгі әрі терең түп-тамыры бар. ♦We wanted to remain true to our creative roots. – Өзіміздің творчестволық/ жасампаз түп-тамырымыздан айнығымыз келмеді. 5. ∼s төркін, шыққан жер, тек, ата-баба ♦I'm proud of my Italian roots. – Тегімнің итальяндық екенін мақтан тұтамын. ♦After 20 years in America, I still feel my roots are in England. – Америкада жиырма жыл жүрсем де, әлі де тегімнің Англиядан екенін сеземін. 6. (linguistics) түбір ♦‘Comfort’ is the root of ‘comfortable’, ‘comfortably’, ‘discomfort’ and ‘uncomfortable’. - ‘Comfort’ - ‘comfortable’, ‘comfortably’, ‘discomfort’ және ‘uncomfortable’ сөздерінің түбірі. 7. (математикада) түбір (корень) (м: √25 = 5, себебі 25 = 5 ⋅ 5, не 52) 8. (idm) *put down roots a) (өсімдік ж) тамырлану, тамыр жаю b) қоныс тебу, тұрақтау ♦After ten years travelling the world, she felt it was time to put down roots somewhere. – Дүниені он жыл шарлағаннан соң, ол бір жерге тұрақтаған жөн деп ойлады. ♦We haven't been here long enough to put down roots. – Бұл жерде ұзақ болып, әлі тамыр жая қоймадық. *root and branch толықтай, түп-тамырымен ♦The government set out to destroy the organization root and branch. – Үкімет ұйымды түп-тамырымен жоюға көшті. ♦root-and-branch reforms – түбегейлі реформалар *take root a) (өсімдік ж) тамырлану, тамыр жаю ♦I hope those cuttings will take root. – Мына (ағаш, тб) кесінділері тамырлайды деп үміттенемін. b) (идея ж) кең тарау, кең қолдауға ие болу ♦Fortunately, militarism failed to take root in Europe as a whole. – Бір жақсысы, милитаризм жалпы Европаға кең жайылмады. B.v 1. ∼ (smth) тамыр алу, тамырлану, тамыр жаю 2.ақтару, ақтарып/ қазып/ тінтіп іздеу (syn: rummage) ♦∼ (about/around) for smth pigs rooting for food – азық тінтіп жатқан шошқалар ♦Who's been rooting around in my desk? – Столымды кім ақтарған? ♦∼ (through smth) (for smth) ‘It must be here somewhere,’ she said, rooting through the suitcase. – «Бұл бір жерде болуы тиіс», деді ол чемоданын ақтара. ♦Cats had been rooting in the garbage bags again. – Мысықтар қоқыс салған қаптарды тағы да ақтарып жатты. 3. (phr v) *root for smb (informal) қолдау, дем беру ♦We're rooting for the Bulls. – Буллзды қолдаймыз. ♦Good luck - I'm rooting for you! – Жолың болсын – тілеулеспін! *root smb/smth out a) қиындық тудыратын адамды я затты тауып, одан құтылу ♦We need to root out corruption at all levels. – Барлық деңгейдегі коррупциядан құтылуымыз керек. ♦The principal promised to root out the troublemakers. – Директор сотқарлардан құтыламыз деп уәде берді. b) іздеп табу *root smth up тамырымен жұлу/ қазу