rotate [rəʊˈteɪt] v 1. (өз өзегін/ осін) айнал(дыр)у; шеңбер бойымен қозғалу ♦Stay well away from the helicopter when its blades start to rotate. – Қалақтары айнала бастағанда вертолеттен алыс тұр. ♦∼ about/around smth winds rotating around the eye of a hurricane – дауыл көзінің/ өзегінің бойымен айнала соққан желдер ♦∼ smth Rotate the wheel through 180 degrees. – Дөңгелекті 180 градусқа бұр. 2. (жұмыс, міндет ж) айналу, ауысу, ротацияла(н)у ♦The EU presidency rotates among the members. – ЕО төрағалығы мүше елдер арасында айналып отырады. ♦When I joined the company, I rotated around the different sections. – Компанияға қосылғанда түрлі бөлімдерде істеп шықтым.