rotten [ˈrɒtn] A.adj 1.шіріген, шірік, бұзылған ♦the smell of rotten vegetables – шіріген/ шірік көкөніс иісі ♦The fruit is starting to go rotten. – Жеміс бұзыла бастапты. ♦rotten floorboards – шіріген еден тақталары ♦(ауысп мағ) You can keep your rotten money! – Құрығыр ақшаңның маған керегі жоқ! 2. (informal) өте жаман/ нашар, сұмдық (syn: terrible) ♦I've had a rotten day! – Бүгінгі күнім оңбады! ♦What rotten luck! – Қап, әттеген-ай! ♦She's a rotten singer. – Ол - бір жаман әнші. ♦∼ at smth I'm rotten at maths. – Математикаға мүлде жоқпын. ♦∼ at doing smth I'm rotten at remembering names. – Аттарды/ Есімдерді мүлде есімде сақтай алмаймын. 3. (informal) сұрқия, оңбаған ♦The organization is rotten to the core. – Бұл ұйым іріп-шіріп біткен. 4. (informal) дімкәс; науқас ♦She felt rotten. – Ол кіртиіп тұрды. ♦This flu makes you feel rotten. – Мына тұмау адамды құртады. 5. (informal) кінәлі сезінген ♦I feel rotten about leaving them behind. – Оны қалдырып кеткеніме өзегім өртеніп тұр. 6. (idm) *a bad/rotten apple бір қарын майдағы бір құмалақ, топты бүлдіретін жаман адам B.adv (informal) мүлде, өте ♦The children were spoilt rotten. – Балалар мүлде бұзылып кетіпті. ♦(BrE) He fancies you (something) rotten. – Ол адамға жаман бірнәрсе тілеп тұрады.