rough [rʌf] A.adj (rougher, roughest) 1.тегіс емес, кедір-бұдыр, бұдыр(-бұдыр), бұжыр(-бұжыр), быжырқай (opp: smooth) ♦rough ground – кедір-бұдыр жер ♦The skin on her hands was hard and rough. – Қолдарының терісі қатып, жарылып кетіпті. ♦Trim rough edges with a sharp knife. – Кедір-бұдыр шеттерін өткір пышақпен келтеле. 2.шамамен, шамалай, жуық, жақын, төңірегінде (syn: approximate) ♦a rough calculation/estimate of the cost – бағаның шамалай алғандағы есебі ♦I've got a rough idea of where I want to go. – Қай жерге барғым келетінін шамамен білемін. ♦There were about 20 people there, at a rough guess. – Шамалағанда, онда жиырма кісі болды. ♦a rough draft of a speech – сөздің шикі жобасы ♦a rough sketch – шикі сызба 3.қалай болса солай; ожар, дөкір, дөрекі, әдепсіз ♦This watch is not designed for rough treatment. – Бұл сағатты абайлап/ байқап ұстау керек. ♦They complained of rough handling by the guards. – Олар күзетшілер адыраңдады деп шағымданды. ♦She doesn't like playing with the rough kids. – Ол/ Оның тентек балалармен ойнағысы келмейді. ♦Don't try any rough stuff with me! – Маған еш қылтың-сылтыңыңның керегі жоқ! ♦Things got a bit rough, and the police were called. – Жағдай бұзылып, полицияны шақырды. ♦You don't have to be so rough! – Бүйтіп ожар болма! 4.бұзақы, бұзық, тәртіпсіз ♦the roughest neighbourhood in the city – қаланың ең (бір) бұзық ауданы ♦He had been brought up in a rough area of London. – Ол Лондонның бір бұзық ауданында өсті. 5.буырқанған, толқындаған, тыныш емес, мазасыз ♦It was too rough to sail that night. – О(л) түні теңізбен жүрген қауіпті еді. ♦We had a rough passage across to the island. – Шайқала-теңселе аралға жеттік./ Аралға жеткенше шайқады. ♦They set sail in rough conditions. – Олар теңіз мазасыз кезде желкен көтерді. ♦There's no way he could have swum ashore in such rough weather. – Бұндай буырқанған кезде оның жағаға малтай жетуі мүмкін емес еді. ♦There were rough seas in the area at that time. – Ол уақытта ол тұс қатты толқып жатты. 6.қиын, ауыр (syn: tough) ♦He's had a really rough time recently. – Жуырда ол қатты қиналды. ♦We'll get someone in to do the rough work. – Ауыр жұмысты біреуді тауып істетеміз. ♦You two are obviously going through a rough patch right now. – Екеуің қазір қиын кезеңді бастан кешірудесіңдер. 7. (BrE) дімкәс, бейжай, ауырыңқыраған, біртүрлі ♦You look rough - are you OK? – Біртүрлісің ғой – дұрыс па? ♦I had a rough night. – Ұйықтай алмай шықтым. ♦I'm still feeling a bit rough. – Әлі де бейжаймын. 8.қарапайым, әшейін, жай, әйтеуір бір ♦rough wooden tables – жай ағаш столдар ♦a rough track – қара жол ♦(BrE) rough paper for making notes on – жазатын жай қағаз 9.жұмсақ я жайлы, әйтеуір бір ♦a rough wine/voice – әйтеуір бір/ әшейін бір шарап/ дауыс 10. (idm) *have a rough/an easy ride | give smb a rough/an easy ride [қ-з: ride (B5)] *a rough deal сыйламау(шылық), әділетсіздік ♦He’s had a rough deal with his wife leaving him like that. – Әйелінің оны бүйтіп тастап кеткені дұрыс болмады. *(have some) rough edges | be rough around the edges кем-кетіктері/ кемшіліктері болу ♦The ballet still had some rough edges. – Балеттің әлі де кемшін тұстары болды. ♦He had a few rough edges knocked off at school. – Мектепте ол біршама ысылды. ♦The films are very rough around the edges. – Фильмдердің біраз кем-кетіктері бар екен. *rough justice n заңсыз жаза (соттың үкімінсіз болған жаза) ♦Gangs practise a kind of rough justice on their members. – Қылмысты топтар өз мүшелерін өз беттерінше жазалайды. ♦(ауысп мағ) It was rough justice that they lost in the closing seconds of the game. – Соңғы сәттерде олардың ұтылғаны ауыр болды. ♦(ауысп мағ) There was a certain amount of rough justice in his downfall. – Оның қызметтен түсуі ауыр болды.B.n 1. the ∼ шөптері ұзын жерде гольф ойнау ♦His second shot ended up in the rough. – Екінші соққысы шөптері ұзын жерге барып түсті. 2. (specialist) алғашқы/ шикі жоба (кескіннің) ♦Only the best of the roughs are shown to the editor. – Редакторға тек үздік жобалар ғана көрсетіледі. 3. (old-fashioned, informal) бұзық (адам), содыр, тентек ♦a gang of roughs – содырлар тобыры 4. (idm) *a bit of rough (BrE, slang) баймен жыныс қатынасына түсетін кедей *in rough (especially BrE) жоба (жазбаның я кескіннің) ♦Write it out in rough first then copy it neatly into your notebook. – Алдымен жобасын жаз да дәптеріңе таза ете көшір. *take the rough with the smooth өмірдің ащысына да, тұщысына да көну/ қабылдау ♦You have to learn to take the rough with the smooth. – Өмірдің ащысына да, тұщысына да мойынсұнып үйрен. C.v 1. (idm) *rough it (informal) уақытша қиналу, қиындыққа уақытша көну ♦We can sleep on the beach. I don't mind roughing it for a night or two. – Пляжда ұйықтасақ болады. Бір-екі күнге шыдаймын. 2. (phr v) *rough smth out жалпы нобайын/ жобасын жазу/ салу ♦I've roughed out a few ideas. – Бірнеше ойды (қаламмен) түрттім. *rough smb up (informal) ұру, таяқтау, соғу, ұрып-соғу ♦He claimed that guards had roughed him up in prison. – Ол абақтыда өзін күзетшілер таяқтады деді. D.adv 1.бұзақылық жасау, күш қолдану ♦Do they always play this rough? – Бұлар ылғи осылай бұзақы ма? 2. (idm) *live/sleep rough (BrE) (үйсіз) көшеде өмір сүру/ қаңғу ♦young people sleeping rough on the streets – үйсіз көшеде қаңғыған жастар