row 1 [rəʊ] A.n 1.қатар ♦∼ of smb/smth There is a row of trees in front of the house. – Үйдің алдында қатар өскен ағаштар бар. ♦in a ∼ We sat in a row at the back of the room. – Бөлменің арт жағында қатарласа отырдық. ♦The vegetables were planted in neat rows. – Көкөніс қатар-қатар мінсіз отырғызылыпты. ♦∼ upon ∼ of smb/smth He looked down at row upon row of eager faces. – Ол төмен, қатар-қатардағы өзіне зейінмен қараған жүздерге қарады. 2.қатар (орындықтардың) ♦in the… ∼ Let's sit in the back row. – Артқы қатарға отыралық. ♦We have seats in the front row. – Алдыңғы қатарда орнымыз бар. ♦Our seats are five rows from the front. – Орнымыз алдынан бесінші қатарда. 3.қатар, тізбек ♦The top row of Table 2 shows the current values. – 2-таблицадағы ең жоғарғы қатар қазіргі бағаларды көрсетеді. ♦There are eight rows and four columns in the table. – Таблицада сегіз қатар, төрт баған (колонна) бар. ♦You can insert rows between existing ones. – (Сондағы) бар қатарлардың арасына жаңаларын енгізсең болады. 4. R∼ жолдардың атауларында қолданылады ♦Manor Row ♦I live at 22 Western Row. – Мен Уэстерн-роу, 22-де тұрамын. 5. (қайықтың ескегін) есу, ескек есу ♦We went for a row on the lake. – Көлге барып, ескекті қайықпен жүздік. 6. (idm) *get/have (all) your ducks in a row [қ-з: duck (A5)] *in a row a) қатарынан болған ♦This is her third win in a row. – Бұл оның қатарынан үшінші ұтысы. b) бірнеше күн, тб қатарынан болу, бірнеше күн, ай, тб бойы ♦Inflation has fallen for the third month in a row. – Инфляция үш ай қатарынан түсуде. ♦It rained for five days in a row. – Бес күн бойы жауын жауды. B.v 1. (қайықтың ескегін) есу, ескек есу ♦We rowed around the island. – Ескекті қайықпен аралды айналып шықтық. ♦∼ smth Grace rowed the boat out to sea again. – Грейс қайықты есіп теңізге тағы шықты. 2. ∼ smb біреуді ескекті қайықпен апару/ алып жүру ♦The fisherman rowed us back to the shore. – Балықшылар бізді ескекті қайықпен жағаға кері әкеліп тастады. 3. (phr v) *row back алдында айтқан пікірін өзгерту, уәдесінен айну ♦Today he seemed to be rowing back from what he said last night. – Бүгін кешегі айтқандарынан айни бастаған сияқты көрінді. ♦The government is now trying to row back on its commitments. – Үкімет енді өз міндеттемелерінен шегінуге тырысуда.
row 2 [raʊ] A.n (especially BrE, informal) 1. ∼ (about/over smth) дау, пікірталас, қайшылық, келіспеушілік ♦A row has broken out over education. – Білім жүйесіне қатысты дау шықты. 2. дау, керіс, егес, шатақ, жанжал, ұрыс (syn: quarrel) ♦She left him after a blazing row. – Екеуі қатты ұрсысып, ол кетіп қалды. ♦family rows – семьядағы/ үй-ішіндегі ұрыстар ♦He had a row with his son. – Ол өз ұлымен жанжалдасып қалды. 3. шуыл, у-шу (syn: din, racket) ♦Who's making that row? – Қайсысы шуылдап жатқан? B.v (BrE, informal) ұрсысу, керісу, жанжалдасу ♦Mike and Sue are always rowing. – Майк пен Сью ұрсысады да жүреді.