rub

rub [rʌb] A.v 1.уқалау; сипау, сипалау; ысу, ысқылау; үйкеу, үйкелеу; сүйкеу, сүйкену; қасыну; сүрту ♦∼ smth He sat up on the hard bunk and rubbed his eyes. – Қатты төсекте отырып, ол көздерін уқалады. She rubbed her chin thoughtfully. – Ол ойлана иегін сипа(ла)ды. ♦∼ smth He rubbed a hand wearily over his eyes. – Ол жалыға көздерін сипады. ♦∼ smth/yourself with smth Rub the surface with sandpaper before painting. – Сырламас бұрын үстін наждакпен ыс(қыла)/ үйке(ле). ♦∼ smth/yourself against smth The cat rubbed itself against my legs. – Мысық аяғыма сүйкенді. ♦∼ at smth I rubbed at the stain on the cloth. – Киімдегі дақты ыстым/ ысқыладым/ кетірмек болдым. ♦∼ against smth Animals had been rubbing against the trees. – Жануарлар ағаштарға сүйкеніп жатты. ♦∼ smth/yourself Rub the surface smooth. – Үстін тегіс ете ыс/ үйке. She rubbed her hair dry quickly with a towel. – Шашын сүлгімен тез сүртті. 2. (бір-біріне) ысқылау, үйкелеу ♦∼ smth She rubbed her hands in delight. – Ол қуана алақандарын ысқылады. In some cultures, people traditionally greet each other by rubbing noses. – Кейбір мәдениеттерде сәлемдескенде, ескі салт бойынша, мұрындарын түйістіреді. ♦∼ smth together She rubbed her hands together in effort to warm them. – Қолдарын жылытпақ болып алақандарын ысқылады. He made a fire by rubbing sticks together. – Ол таяқтарды ысқылай/ үйкелей от тұтатты. 3.қажау ♦The back of my shoe is rubbing. – Аяқ киімімнің арты қажап жіберді. ♦∼ on/against smth The wheel is rubbing on the mudguard. – Дөңгелек қанатқа (крылоға) қажалуда. Their perpetually wet clothes rubbed against their skin. – Қашан(да)ғы дымқыл киімі терілерін қажады. smth The horse's neck was rubbed raw where the rope had been. – Арқан аттың мойнын қажап жіберіпті. 4. жағу; ысу, ысқылау ♦∼ smth into/onto smth She rubbed the lotion into her skin. – Лосьонді терісіне жақты. ♦∼ smth on/over smth Rub salt over the fish before cooking. – Пісірмес бұрын балыққа тұз жақ. ♦∼ smth in Put a little cream onto each hand and rub it in well. – Әр алақаныңа сәл май тамызып, жақсылап ысқыла. 5. (idm) *not have two cents, pennies, brain cells, etc. to rub together (informal) тақыр кедей болу; ақымақ болу *rub smb’s nose in it (informal) «біреудің мұрнын сүрту», біреуге оның бұрынғы қателіктерін айтып мысын басу *rub salt into the wound | rub salt into smb’s wounds «жараға тұз жағу», жығылғанға жұдырық, жағдайды тіптен қиындатып жіберу *rub shoulders with smb (NAmE also rub elbows with smb) «иық түйістіру», мықты біреумен жолығу/ бірге болу/ араласу ♦He’s rubbing shoulders with stars all the time. – Ол жұлдыздармен араласқыш. She had been rubbing elbows with celebrities. – Ол әйгілілермен араласып жүрген. *rub smb up the wrong way (BrE) (NAmE rub smb the wrong way) (informal) біреуге жақпай қалу; (біреуді байқамай) ашуландырып алу, ренжітіп алу, мазасын алу ♦She tends to rub people up the wrong way. – Ол аңғалданып, жұртқа жақпай жүреді. 6. (phr v) *rub along (with smb/together) (BrE, informal) бірге тұру/ істеу, тіл табу ♦We manage to rub along together fairly well. – Біз (бір-бірімізбен) жақсы тіл табысамыз. *rub smb/yourself/smth down сүрту, сүртіп тазалау ♦I came out of the water and rubbed myself down with a towel. – Судан шығып, сүлгімен үстімді сүрттім. *rub smth down ысып/ ысқылап/ үйкелеп/ үйкеп тегістеу ♦Rub the wood down well with fine sandpaper before painting. – Сырламас бұрын нәзік наждакпен үстін ыс/ үйке. *rub it in | rub smth in біреуге оның бұрынғы қателіктерін айтып мысын басу ♦I know I was stupid; you don't have to rub it in. – Ақымақ болғанымды өзім де білемін; айтпасаң да болар еді ғой. *rub off (on/onto smb) (қасиеттері, қылықтары) біреуге берілу/ жұғу/ дару ♦Her sense of fun has rubbed off on her children. – Оның күлдіргілігі балаларына дарыпты. Let’s hope some of his good luck rubs off on me! – Оның жолы болғыштығы маған да дарысын деп үміттенейік! *rub smth off (smth) | rub off уқалап/ үйкелеп/ ысқылап кетіру ♦She rubbed off the dead skin. – Ол кепкен терсін үйкелеп кетірді. The gold colouring had begun to rub off. – Алтын түс көше/ кете бастапты. ♦(BrE) If you write on the whiteboard, rub if off at the end of the lesson. – Тақтаға жазсаң, сабақтан соң сүртіп таста. *rub smb out (NAmE, slang) біреуді өлтіру *rub smth out (BrE) (also erase) (өшіргішпен) өшіру, кетіру ♦to rub out a mistake – қатені өшір B.n 1.ыс(қыла)у, үйке(ле)у, уқалау ♦She gave her knee a quick rub. – Ол тізелерін ысып-ысып жіберді. 2. the ∼ (formal or humorous) мәселе, проблема, қиындық