rude [ruːd] adj (ruder, rudest) 1.ожар, дөрекі, дөкір, әкірең (syn: impolite) ♦a rude comment/remark – дөрекі сөз ♦He started swearing and using rude words. – Ол боқтанып, дөрекі сөйлей бастады. ♦There’s no need to be rude! – Бүйтіп әкіреңдеп керегі жоқ! ♦She is bossy, rude and arrogant. – Ол өктем, ожар әрі менмен. ♦a rude waiter – дөрекі официант/ даяшы ♦Why are you so rude to your mother? – Шешеңе неге бүйтіп қатты сөйлейсің? ♦∼ about smth She was very rude about my driving. – Ол менің машина айдағанымды жақтырмай, айтып-айтып тастады. ♦∼ to smb about smth He's always rude to me about my singing. – Ол менің ән салысымды жақтырмай, сөйлеп жүреді. ♦∼ to do smth It's rude to speak when you're eating. – Тамақ жеп отырып, сөйлеген болмайды. 2. (especially BrE) (NAmE usually crude) анайы, тұрпайы, бәдік ♦a rude gesture – анайы ым ♦Someone made a rude noise. – Біреу бәдіктене дабырлады. ♦The joke is too rude to repeat. – Қалжың тым анайы еді. 3. (formal) кенет, жайсыз ♦Those expecting good news will get a rude shock. – Жақсы хабар күткендер жайсыздыққа тап болады. ♦If the players think they can win this match easily, they are in for a rude awakening. – Ойыншылар матчты оңай жеңеміз деп ойласа, жаңылысады. 4. (literary) қарапайым, жай, әншейін (syn: primitive) ♦rude shacks – жай тамдар (үйлер) 5. (idm) *in rude health (BrE, old-fashioned) аман-сау, он екі мүшесі сау