ruin [ˈruːɪn] A.v ∼ smth/smb құрту, жою, жоқ қылу/ ету, қирату, бүлдіру, бұзу (syn: spoil, wreck) ♦The bad weather ruined our trip. – Жаман ауа-райы сапарымызды бұзды. ♦That one mistake ruined his chances of getting the job. – Сол бір қате оның жұмысқа тұру мүмкіндігін бұзды. ♦My new shoes got ruined in the mud. – Жаңа аяқ киімім балшыққа түсіп, құрыды/ бүлінді. ♦The crops were ruined by the late frost. – Кейін келген үсік егісті құртты. ♦(ауысп мағ) If she loses the court case it will ruin her. – Сотта жеңілсе, ол құриды. ♦The country was ruined by the war. – Ел соғыстан қирады. B.n 1. құр(т)у, жою, жойылу, жоқ қылу/ ету, қира(т)у, бұзу ♦A large number of churches fell into ruin after the revolution. – Революциядан соң көптеген шіркеу қирады/ бұзылды. ♦The house had been left to go to ruin. – Үй қаңырап бос қалған. ♦The terrorist attack had left the city in a state of ruin. – Террористер шабуылы қаланы қан қақсатып кетті. 2. (also ruins) құланды, қиранды, қалдық ♦The old mill is now little more than a ruin. – Ескі диірмен енді қираған. ♦We visited the ruins of a Norman castle. – Норман қамалының құландыларына бардық. ♦the charred ruins of the house – өртенген үй қалдықтары 3. (жұмыссыз не үйсіз, тб) қаңғып қалу(шылық), құру, сорлау ♦The divorce ultimately led to his ruin. – Ажырасудың соңы/ ақыры оның өмірін құртып тынды. ♦The bank stepped in to save the company from financial ruin. – Банк компания қаржылай құрымас үшін кірісті. ♦The war brought the country to the brink of ruin. – Соғыс елді қақсатып/ сорлатып кетті. 4.құру, жойылу (syn: downfall) ♦Gambling was his ruin. – Құмар ойыны оны құртты. 5. (idm) *go to rack and ruin [қ-з: rack (A5)] ♦They let the house go to rack and ruin. – Олар үйге мүлде қарамады. *in ruins қирату, бүлдіру ♦Years of fighting have left the area in ruins. – Талай жылғы соғыстан өңір аямай бүлінген. ♦The church now lies in ruins. – Қазір шіркеу қирап қалған. ♦The scandal left his reputation in ruins. – Дау оның беделін айрандай етті.