rule [ruːl] A.n 1.ереже; тәртіп; талап, шарт; заң ♦She laid down strict rules for her tenants, including prompt payment of rent. – Ол пәтер жалдаушыларына қатаң тәртіпті, оның ішінде аренданы уақтылы төлеу бар, түсіндірді. ♦the rules of golf/tennis/football – гольф/ теннис/ футбол ережесі ♦to follow/obey a rule – ережені ұстану/ ережеге бағыну ♦to break/violate a rule – ережені бұзу ♦to enforce/apply a rule – ережені күшіне енгізу/ ережені қолдану ♦against the ∼s It's against all the rules and regulations. – Бұл барлық ереже мен тәртіпке қайшы. ♦under… ∼s These products are banned under international rules. – Халықаралық ережелерге сай бұл өнімдерге тыйым салған. ♦the unwritten rules of adult society – үлкен өмірдің жазылмаған заңдары ♦the rules of procedure – процедура/ рәсім ережесі/ тәртібі ♦rules of conduct - жүріс-тұрыс кодексі/ қағидасы, этика кодексі/ қағидасы, этикалық нормалар ♦New rules governing pensions come into effect next year. – Пенсияны реттейтін жаңа ережелер/ заң келесі жылы күшіне енеді. ♦Normal competition rules apply. – Қалыпты жарыс ережесін пайдаланады. 2.ереже ♦the basic rules of grammar – грамматиканың бастапқы ережелері ♦∼ for doing smth What is the rule for forming plurals? – Көпше түрді жасау ережелері қандай? 3.ереже, рет, жол ♦The first rule is to make eye contact with your interviewer. – Ең әуелі әңгімелесушіге бір қарап алған жөн. ♦Follow these few simple rules and you won't go far wrong. – Осы қарапайым ережеге сүйенсең(із), пәлендей қателеспейсің(із). ♦∼ for doing smth There are no hard and fast rules for planning healthy meals. – Денсаулыққа жағымды ас әзірлеудің қатып қалған ережесі жоқ. 4.әдет, дағды, принцип, қағида ♦He makes it a rule never to borrow money. – Оның принципі – ешкімнен қарыз алмау. ♦Cold winters here are the exception rather than the rule. – Суық қыс бұнда сирек болады. 5.билік, билік/ өкімет жүйесі, елді басқару жүйесі ♦military/civilian/democratic rule – әскери/ азаматтық/ демократиялық өкімет/ билік ♦under… ∼ The country was still under colonial rule. – Елді әлі отарлық/ колониалды өкімет басқаратын ♦majority rule – көпшілік билігі/ өкіметі 6.сызғыш (линейка) = ruler (2) 7. (idm) *as a (general) rule жалпы, әдетте ♦I go to bed early as a rule. – Жалпы ерте жатамын. ♦As a general rule, vegetable oils are better for you than animal fats. – Жалпы көкөніс майы жануар майынан денсаулыққа жақсы. *bend/stretch the rules [қ-з: bend (А3)] ♦Couldn't they just bend the rules and let us in without a ticket? – Соншама қадалмай-ақ, бізді билетсіз кіргізе алмай ма екен? *the exception that proves the rule [қ-з: exception (3)] *play by smb’s (own) rules «ойынды біреудің ережесіне сай ойнау», біреудің айтқаны бойынша істеу ♦If he wanted a loan he would have to play by the bank's rules. – Қарыз алғысы келсе, оның банк ережесіне көнуі керек. *play by the rules жұртты сыйлау, жұртпен дұрыс қарым-қатынаста болу *the rule of law заң үстемдігі (верховенство закона) ♦Democracy and the rule of law are yet to be firmly established in the country. – Елде демократия мен заң үстемдігі әлі берік орнығуы керек. *a rule of thumb «бас бармақ ережесі», істі күнделікті дағдыға, әдетке сүйене істеу *the rules of the game «ойын ережесі/ шарттары», жалпы жұрт мойындаған жүріс-тұрыс, салт-дәстүр, тб *work to rule жұмыстың ережесіне сай істеу арқылы кешіктіру, өндірісті азайту (яғни, жұмысшылардың жұмыс берушіге көрсеткен наразылығының бір түрі) B.v 1. (елді, топты, тб) билеу, басқару, билік ету ♦∼ (smth) At that time, King John ruled England. – Ол кезде король Иоанн (Джон) Англияны билеген еткен. ♦The city was ruled by rich and powerful nobles. – Қаланы бай, қуатты ақсүйектер билеген. ♦(figurative) Eighty million years ago, dinosaurs ruled the earth. – Сексен миллион жыл бұрын дүниені динозаврлар билеген. ♦(figurative) After the revolution, anarchy ruled. – Революция анархияға ұласты. ♦∼ over smb/smth She once ruled over a vast empire. –Бір заманда ол алып империяны билеген. 2. ∼ smth (often disapproving) басты/ негізгі нәрсе болу ♦The pursuit of money ruled his life. – Өмірінің мақсаты ақша табу еді. ♦We live in a society where we are ruled by the clock. – Біз сағат билейтін қоғамда өмір сүреміз. ♦Her whole life seemed to be ruled by fear. – Ол өмір бойы қорқып өткен сияқты. 3.шешім/ үкім шығару (syn: pronounce) ♦∼ on smth The court will rule on the legality of the action. – Сот әрекеттің заңдылығы хақында шешім шығаратын болады. ♦∼ against/in favour of smb/smth The judge ruled against/in favour of the plaintiff. – Судья талапкердің пайдасына шешпеді/ шешті. ♦∼ smb/smth The deal may be ruled illegal. – Контаркті заңсыз деп табуы мүмкін. ♦∼ that… The court ruled that the women were unfairly dismissed. – Сот әйелдерді жұмыстан шығарғаны әділ емес деп тапты. 4. ∼ smth (сызғышпен, тб) сызық сызу ♦Rule a line at the end of every piece of work. – Әр жұмыстың соңына сызық сыз. 5. (idm) *divide and rule [қ-з: divide (A10)] *let your heart rule your head [қ-з: heart (8)] *rule/throw smth out of court (сотта) істі жарамсыз деп тану, істі тоқтату ♦The charges were thrown out of court. – Сот айыптарды жарамсыз деп таныды. *rule the roost [қ-з: roost (А2)] *rule (smb/smth) with a rod of iron [қ-з: rod (5)] 6. (phr v) *rule off | rule smth off сызықпен бөлу, сызып бөлу/ бөліп тастау *rule smb/smth out a) rule smb/smth out (as smth) терістеу, жоққа шығару, олай емес деу (syn: exclude) ♦Police have not ruled out the possibility that the man was murdered. – Полиция кісінің өлтіріп кеткені мүмкін екенін жоққа шығармады. ♦The proposed solution was ruled out as too expensive. – Ұсыныс тым қымбат деп қабылданбады. ♦This theory cannot be ruled out altogether. – Теорияны мүлде жоққа шығаруға болмайды. b) болдырмау, болғызбау, жолын кесу/ үзу ♦His age effectively ruled him out as a possible candidate. – Жасына бола ол кандидат бола алмады. *rule smb out of smth (спортта) қатыстырмау, қатыстырмай тастау ♦He has been ruled out of the match with a knee injury. – Тізе жарақатына бола ол матчқа қатыспайтын болды. ♦Infringement of this regulation would automatically rule you out of the championship. – Осы ережені бұзғандар чемпионаттан бірден шығады.