run [rʌn] A.v (pt ran [ræn], pp run [rʌn]) 1.жүгіру ♦Can you run as fast as Mike? – Майктей/ Майк сияқты қатты жүгіре аласың ба? ♦They turned and ran when they saw us coming. – Келе жатқанымызды көріп, олар бұрылды да қашты/ қашып кетті. ♦She came running to meet us. – Ол бізбен жолығуға жүгіріп келді. ♦I had to run to catch the bus. – Автобустан қалмас үшін жүгіруім керек болды. ♦The dogs ran off as soon as we appeared. – Бізді көрген бойда иттер қашып кетті. ♦He ran home in tears to his mother. – Ол шешесіне жылай жүгіріп келді. ♦Who was the first person to run a mile in under four minutes? – Бір мильді төрт минуттан аз жүгірген тұңғыш адам кім болды? ♦I ran four miles today. – Бүгін төрт миль жүгірдім. ♦I've spent the whole day running around after the kids. – Күні бойы балалардың артынан жүгірумен болдым. 2. (sometimes go running) жүгіру (жүгіріп шынығу) ♦She used to run when she was at college. – Колледждегі кезінде ол жүгіретін. ♦I often go running before work. – Жұмыстың алдында көбінесе жүгіремін. ♦Try to run round the block a few times every morning. – Күн сайын үй-жайды бірнеше рет айнала жүгіруге тырыс. 3.жүгіру (жүгіруден жарысқа қатысу) ♦∼ in smth He will be running in the 100 metres tonight. – Бүгін кешке жүз метрге кім жүгіреді? ♦There are only five horses running in the first race. – Бірінші бәйгеде тек бес ат болды. ♦∼ smth to run a marathon – марафонға қатысу ♦Farah ran a fine race to take the gold medal. – Фараһ жақсы жүгіріп алтын медаль алды. 4. ∼ smth жарысты/ бәйгені өткізу/ ұйымдастыру ♦The Derby will be run in spite of the bad weather. – Нашар ауа-райына қарамастан Дерби болады. 5. ∼ smth басқару, істі жүргізу, жетекшілік ету ♦to run a hotel/store/language school – қонақ үйді/ дүкенді/ тіл мектебін басқару/ жүргізу ♦He has no idea how to run a business. – Ол бизнесті қалай жүргізуді білмейді. ♦Stop trying to run my life for me. – Өмірімді жетегіңе алмай-ақ қойшы. ♦The shareholders want more say in how the company is run. – Компания ісінде акционерлер көп рөл ойнағысы келеді. ♦a badly run company – нашар басқарылатын компания ♦Both candidates have run a good campaign. – Екі кандидат та науқанды/ кампанияны жақсы өткізді. ♦state-run industries – мемлекеттік кәсіпорындар 6. ∼ smth (қызметті, тб) ұйымдастыру, жүргізу, болғызу (syn: organize) ♦The college runs summer courses for foreign students. – Колледжде шетелдік студенттер үшін жазғы курстар бар. ♦The programme will be jointly run with NASA in the US. – Программа АҚШ-та НАСА-мен бірге жүргізілетін болады. 7. (көлік ж) жүру ♦Buses to Oxford run every half hour. – Оксфордқа автобус жарты сағат сайын жүреді. ♦All the trains are running late. – Пойыздардың бәрі (де) кешігуде. ♦Trains between London and Brighton run throughout the day. – Лондон мен Брайтонның арасында пойыз күні бойы қатынайды. 8. (транспорт) жүргізу ♦∼ smth They run extra trains during the rush hour. – Жолаушылар көп кезде олар қосымша пойыздар жүргізеді. ♦The transport company is concerned about the cost of running more buses. – Транспорт компаниясын көбірек автобус жүргізу құны уайымдатады. 9.істету, жүргізу, қолдану, пайдалану ♦Stan had the chainsaw running. – Стән шынжыр араны пайдаланды. ♦∼ on smth Our van runs on diesel. – Вәніміз (микроавтобусымыз) дизелмен жүреді. ♦∼ smth Could you run the engine for a moment? – Моторды бір сәтке істетесің бе? 10. (компьютер не софт ж) ♦You may find that some apps are running slowly. – Кейбір программалардың баяу істейтінін байқауың мүмкін. ♦There are too many programs running on your computer. – Компьютеріңде істеп тұрған программалар тым көп. ♦You need to have antivirus software running on your PC. – Компьютеріңде антивирус істеп тұруы керек. ♦The app runs on all Android devices. – Бұл софт барлық Андроид құралдарында істейді. ♦My PC runs Windows 10. – Компьютерім Windows 10-мен істейді. 11. (микрофон, магнитофон, тб ж) істеу, істеп тұру ♦He didn't know the tape was still running. – Ол микрофонның әлі істеп тұрғанын білмеген. ♦∼ smth Run the tape, please. – Магнитофонды қосыңызшы. ♦∼ smth Can you run the tape back a few minutes? – Магнитофонды бірнеше минутке кері айналдырасың ба? 12. ∼ smth (BrE) (көлік, тб) иелену, жүргізу ♦I can't afford to run a car on my salary. – Мына жалақымен көлікке шамам келмейді. 13. ∼ smb (informal) біреуді машинамен апару/ жеткізу ♦Shall I run you home? – Үйіңе дейін апарып тастайын ба? ♦Would you mind running me to the shops? – Мені дүкендерге дейін апара аласың ба? 14.қозғалу, жүру ♦The car ran off the road into a ditch. – Машина жол шетіндегі жыраға барып түсті. ♦A shiver ran down my spine. – Арқам дір ете қалды. ♦The sledge ran smoothly over the frozen snow. – Шана қатқан қар үстінде жұмсақ сырғанады. ♦The old tramlines are still there but now no trams run on them. – Көне трамвай жолдары әлі бар, бірақ олармен жүретін трамвай жоқ. 15. ∼ smth қозғау, жүгірту ♦She ran her fingers nervously through her hair. – Саусақтарымен қобалжи шаштарын тарамдады. ♦I ran my eyes over the page. – Параққа көз жүгірттім. 16.созылып жату, жүр(гіз)у ♦He had a scar running down his left cheek. – Сол бетінен төмен созылған бір тыртық бар. ♦The road runs parallel to the river. – Жол өзенмен бойлай кетеді. ♦The railway line runs right past the house. – Темір жол дәл үйдің жанымен өтеді. ♦∼ smth The bookcase runs the length of the room. – Кітап сөресінің ұзындығы бөлменің ұзындығындай. ♦∼ smth We ran a cable from the lights to the stage. – Жарықтың кабелін сахнаға тарттық. 17.ағу ♦The tears ran down her cheeks. – Бетінен жас ақты. ♦Water was running all over the bathroom floor. – Су ваннаның бар жеріне жайылыпты. 18.ағызу ♦∼ smth (into smth) She ran hot water into the bucket. – Ыстық суды шелекке ағызды/ толтырды. ♦to run the hot tap – ыстық су(ды) ағызу ♦∼ smth for smb I'll run a bath for you. – Саған ваннаға су толтырып берейін. ♦Who left the tap running? – Кранды кім ағызып кеткен? ♦Your nose is running. – Мұрныңнан су/ маңқа ағып тұр. ♦The smoke makes my eyes run. – Түтін көзімді жасауратады. 19. ∼ with smth су/ тер басу; ағу, ағып жайылу, төгілу ♦His face was running with sweat. – Бетін тер басып тұрды. ♦The bathroom floor was running with water. – Ванна еденіне су ағып жатты. 20.киімнің бояуы шығып кету ♦The colour ran and made all my underwear pink. – Киімімнің бояуы шығып кетіп, іш киімімнің бәрін қызылала етті. 21.еру, еріп ағу ♦The wax began to run. – Балауыз еріп аға бастады. 22.болу, өзгеру ♦The river ran dry during the drought. – Құрғақшылық кезінде өзен кеуіп қалды. ♦Supplies are running low. – Қор азайып барады. ♦We understand that feelings are running high on this issue. – Түсінуімізше, осы мәселеде жұрт алабұртуда. ♦We've run short of milk. – Сүтіміз бітіп қалды. ♦You've got your rivals running scared. – Қарсыластарыңды қорқытып тастадың ғой. ♦Inflation was running at 26 per cent. – Инфляция 26 процентке жеткен еді. 23.болу, жалғасу, жүру ♦∼ for smth Her last musical ran for six months on Broadway. – Оның кейінгі мюзиклін Бродуэйде алты ай бойы қойды. ♦∼ from A to B The course runs from June 25th to August 27th. – Курс маусымның 25-інен тамыздың 27-сіне дейін. ♦This debate will run and run! – Бұл дебат/ айтыс жалғаса бермек! 24. ∼ (for smth) істеу; жарамды болу ♦The permit runs for three months. – Рұхсат үш айға жарамды/ жарайды. ♦The lease on my house only has a year left to run. – Үйімнің жалының/ арендасының бітуіне бір жыл ғана қалды. 25.болу, жүру ♦Programmes are running a few minutes behind schedule this evening. – Бүгін кешке программалар кестеден бірнеше минут(қа) кешігуде. ♦Everything is running according to plan. – Бәрі ойдағыдай болуда. ♦Her life had always run smoothly before. – Одан бұрын өмірі тыныш еді. 26.сайлауға (кандидат болып) түсу ♦Obama ran a second time in 2012. – Обама сайлауға екінші рет 2012 жылы түсті. ♦∼ for smb/smth Hillary Clinton ran for president in 2016. – Хиллари Клинтон президент сайлауына 2016 жылы қатысты. ♦He ran unsuccessfully for the Senate in New York. – Ол Нью-Йорктен Сенат сайлауына түсіп, ұтылып қалды. 27.заңсыз алып келу/ алып өту (syn: smuggle) ♦∼ smth He used to run guns across the border. – Ол шекара арқылы қару-жарақ заңсыз өткізіп жүрген. ♦She made money by running drugs. – Ол есірткі саудалап ақша тапты. 28.деу, баяндау, әңгімелеу ♦Their argument ran something like this… - Олар .... деп (салғыласып) жатты. ♦‘Ten shot dead by gunmen,’ ran the newspaper headline. – Газеттің басында «Қарулы адамдар он адамды атып кеткен» деп жазылған. 29. ∼ smth жариялау, басу ♦On advice from their lawyers they decided not to run the story. – Юристерінің кеңесін тыңдап, олар әңгімені баспағанды жөн көрді. 30. ∼ a test, a check, an experiment, etc. сынау, сынақ/ эксперимент жасау ♦∼ smth on smth The doctors decided to run some more tests on the blood samples. – Қан үлгілерін дәрігерлер тағы қосымша тексеріп көруді ұйғарды. ♦∼ smth The two experiments are run in parallel. – Екі сынақ/ эксперимент қатар жүреді. ♦The company is running clinical trials of the new drug. – Компания жаңа дәріні клиникалық сынақтардан өткізуде. 31. = ladder (B) 32. (idm) *come running (шақырса) жетіп бару/ келу, біреудің айтқанын екі етпей істеу ♦She knew she had only to call and he would come running. – Ол оның шақырса болды жетіп келетінін білген. *run for it қашып кету ♦As soon as he looked the other way, we ran for it. – Оның басқа жаққа қарасы сол/ мұң екен, қаштық та жөнелдік. *run roughshod over smb (US) (especially BrE ride, etc. roughshod over smb) (біреуді) сыйламау, менсінбеу, қалай болса солай қарау *up and running мінсіз жұмыс істеп жатқан ♦It will be a lot easier when we have the database up and running. – Ауқымды дерекқорымыз болғанда көп жеңіл болады. ♦We soon had the sound system up and running. – Көп ұзамай дыбыс жүйесін істеттік. 33. (phr v) *run across smb/smth жолығып/ ұшырасып/ кезігіп қалу *run after smb (informal) біреудің артынан жүгіру, біреуге қырындау, ғашықтық я көңілдестік байланыста болғысы келу (syn: pursue) ♦He's always running after younger women. – Ол бикештердің артынан жүгіреді де жүреді. *run after smb/smth артынан қуу/ жүгіру (syn: pursue) *run along (old-fashioned, informal) (балаға) әрі кет/ жүр (дегенді білд) *run around with smb (NAmE also run with smb) (usually disapproving) біреудің жанынан шықпау, біреумен көп уақыт өткізу ♦She's always running around with older men. – Ол (бикеш) егде еркектердің қасынан шықпайды. *run at smb әкіреңдеп жетіп келу ♦He ran at me with a knife. – Ол маған пышақ ала жүгірді. *run away (from smb/…) қашып кету; кетіп қалу ♦He ran away from home at the age of thirteen. – Ол он үш жасында үйінен кеткен. ♦Looking at all the accusing faces, she felt a sudden urge to run away. – Кінәлаған жүздерге қарап, оның қашып кеткісі келді. *run away/off with smb | run away/off (together) жұбайын тастау, басқа біреумен кету ♦She ran away with the next-door neighbour. – Ол көршісімен қашып кетіпті. *run away from smth бірнәрседен қашу/ жалтару ♦You can't just run away from the situation. – Жағдайдан әшейін қашып кете алмайсың. *run away with smth a) нақты не оңай жеңу/ ұту b) жоқ/ өтірік нәрсеге сену *run away with you (сезім ж) ие бола алмай қалу, ерік бермеу ♦Her imagination tends to run away with her. – Оның қиялдың жетегінде кететіні бар. *run back over smth қайта қарастыру/ қарау (syn: review) ♦I'll run back over the procedure once again. – Процедураны тағы бір қарап өтемін. *run smth by/past smb (informal) біреуге пікір/ ой/ идея айту; біреуге бірн-е көрсету *run down a) күшін жоғалту, істемей қалу ♦The battery has run down. – Батарейка отырды/ заряды бітті. b) біртіндеп істемей қалу/ кішірею/ азаю ♦British manufacturing industry has been running down for years. – Британияның өндіріс секторы талай жылдардан бері кішіреюде. *run smth down a) күшін кетіру/ жоғалттыру; тоқтату ♦If you leave your headlights on you'll soon run down the battery. – Машинаның фарын өшірмесең, аккумляторын отырғызасың. b) біртіндеп тоқтату/ кішірейту/ азайту ♦The company is running down its sales force. – Компания өзінің сатумен айналысатын қызметкерлерінің санын азайтуда. *run smb/smth down a) (біреуді/ бірн-ні) басып кету, қағып кету b) аямай ұрсу/ сынау ♦He's always running her down in front of other people. – Жұрттың көзінше ол оған тиісе береді. c) іздеп табу *run smb in (old-fashioned, informal) тұтқындап полиция учаскесіне апару *run smth in (BrE) (бұрынғы кезде) жаңа машинаны баяу айдап бабына келтіру (обкаткіден өткізу) ♦(figurative) Whatever system you choose, it must be run in properly. – Қандай жүйе таңдалса да, оны дұрыстап жөнге келтіру керек. *run into smb (informal) (кездейсоқ) жолығып/ ұшырасып/ кезігіп қалу ♦Guess who I ran into today! – Бүгін кімді көргенімді білесің бе? *run into smth a) нашар ауа-райына тап болу/ кезігу ♦We ran into thick fog on the way home. – Жолай қалың тұманға тап болдық. b) қиындыққа тап болу/ кезігу ♦Be careful not to run into debt. – Байқа, қарызға батып қалып жүрме. ♦to run into danger/trouble/difficulties – қауіпке/ пәлеге/ қиындыққа ұрыну c) белгілі бір деңгейге мөлшерге жету ♦Her income runs into six figures. – Оның табысы алты бірлікке жетті (яғни, $100 000 не £100 000, тсс). *run into smb/smth соғылу, соқтығысу, ұрылу, соғысу ♦The bus went out of control and ran into a tree. – Автобус бақылаудан шығып кетіп, ағашқа барып соғылған. *run smth into smb/smth көлікті біреуге/ бірн-ге соғу/ ұру ♦He ran his car into a tree. – Ол машинасын ағашқа соғыпты. *run off (BrE) ыдыстан ағу *run smth off a) (ксероксте) копия/ көшірме жасау ♦Could you run off twenty copies of the agenda? – Күн тәртібінің жиырма копиясын жасап бересің(із) бе? b) бәйге/ жарыс ұйымдастыру ♦The heats of the 200 metres will be run off tomorrow. – 200 метрге жарыс ертең болады. c) ыдыстан ағызу *run off with smth ұрлап/ жымқырып кету ♦The treasurer had run off with the club's funds. – Қазынашы клубтың ақшасын жымқырып кеткен. *run on үздіксіз жалғасу; ұзақ болу ♦The meeting will finish promptly - I don't want it to run on. – Жиналыс уақтында бітеді – созғым келмейді. *run on smth (бірн-е жайлы) көп ойлану/ айту *run out a) таусылу, түгесілу, біту ♦Time is running out. – Уақыт таусылуда. b) мерзімі біту/ аяқталу (syn: expire) *run out (of smth) таусылу/ түгесілу/ біту ♦We ran out of fuel. – Отынымыз/ Жағармайымыз бітті. ♦Could I have a cigarette? I seem to have run out. – Темекі бар ма? Менікі бітті-ау деймін. *run out on smb (informal) біреуді қиын кезде тастап кету, біреуден қиын кезде кетіп қалу *run over асып төгілу (syn: overflow) *run smb/smth over (үстінен) басып кету ♦My dog almost got run over. – Итімді (көлік) басып кете жаздады. *run over (smth) уақыты асып кету ♦My work meetings always run over. – Жұмысымдағы жиналыстар ылғи да ұзаққа созылады. ♦The project ran over time and budget. – Жобаның уақты да, ақшасы да артып кетті. *run over smth тез көз жүгірту, тез жаттығу ♦She ran over her notes before giving the lecture. – Лекция оқыр алдында ол жазғандарына бір қарап алды. *run past (informal) көрсету; ой/ пікір/ идея айту ♦Run that past me again. – Жаңағыны маған тағы айтшы. *run smb through (literary) біреуді пышақтап/ қылышпен, тб өлтіру *run through smth a) талқылау; қайталау; көз жүгірту ♦He ran through the names on the list. – Ол тізімдегі есімдерге көз жүгіртті. ♦Could we run through your proposals once again? – Ұсыныстарың(ыз)ды қайталап жібересің(із) бе? b) тез тарау/ өту ♦An angry murmur ran through the crowd. – Жұрт ашулана міңгірлеп кетті. ♦Thoughts of revenge kept running through his mind. – Кек алмақ ой миын мазалай берді. c) кең жайлау/ тарау ♦A deep melancholy runs through her poetry. – Терең мұң оның поэзиясын жайлаған. d) жаттығу, әзірлеу, өнер көрсету ♦Can we run through Scene 3 again, please? – 3-көріністі тағы бір қайталасақ қалай болады? e) ақшаны шашып ұстау, ақшаға салақ болу ♦She ran through the entire amount within two years. – Екі жылда(-ақ) ол бүткіл ақшаны тауысты. *run to smth a) көлемі/ мөлшері пәлендей болу ♦The book runs to nearly 800 pages. – Кітаптың көлемі шамамен 800 беттей. b) (especially BrE) ақшасы жетпеу ♦Our funds won't run to a trip abroad this year. – Биыл ақшамыз шетелге баруға жетпейді. *run smth up a) (қарыз, тб ж) көбею, көбейіп кету (syn: accumulate) ♦How had he managed to run up so many debts? – Мұншама қарызға ол қалай батқан? b) (киім ж) тез тігу ♦to run up a blouse – блузка тігіп алу c) ту көтеру *run up against smth қиындыққа кезігу/ ұшырау/ ұрыну ♦The government is running up against considerable opposition to its tax reforms. – Үкіметтің салық реформасына қарсылық көп болуда. *run with smb = run around with smb *run with smth белгілі бір ойды/ идеяны/ әдісті қабылдау не пайдалана бастау ♦OK, let's run with Jan's suggestion. – Жә, Янның ұсынысын құп көрелік. B.n 1.жүгіріс, жүгіру ♦I go for a run every morning. – Күн сайын ертемен жүгіремін. ♦a five-mile run – бес мильге жүгіру ♦Catching sight of her he broke into a run. – Оны көре сала ол жүгіре жөнелді. ♦I decided to make a run for it. – Қашып кеткенді жөн көрдім. ♦at a ∼ She took the stairs at a run. – Ол басқышпен жүгіріп шықты. ♦a record-breaking – рекорд жаңалайтын жүгіріс 2. (көлікпен) жүру, сапарлау, сапар ♦They took the car out for a run. – Ол жүріп қайтайын деп машина алды. ♦We went for a run in his new car. – Жаңа машинасымен бардық. 3.кезең (syn: spell) ♦a run of good/bad luck – жолы болған/ болмаған кезең ♦Liverpool lost to Leeds, ending an unbeaten run of 18 games. – Ливерпул(ь) Лидске жеңіліп, 18 ойын ұтылмаған кезеңді аяқтады. ♦Manchester United have finally ended their run of victories. – Манчестер Юнайтедтің жеңісті кезеңі ақыры аяқталды. 4. (пьеса, фильм ж) қоюлар, қойылымдар, көрсетулер, көрсетілімдер ♦The show had a record-breaking run in the London theatre. – Шоуды Лондон театрында өте көп қойды. 5.тираж ♦The first print run of 6 000 copies sold out. – 6000 дана алғашқы тираж сатылып кетті. 6. ∼ on the dollar, pound, etc. долларды, фунтты көптеп сату (сонда доллардың, фунттың бағасы түседі) 7. ∼ on a bank жұрттың кенет банктен ақшаларын жаппай алуы 8. ∼ on smth жаппай сатып ала бастау (syn: rush) ♦There's been a run on barbecues with the hot weather. – Ауа-райының ысысымен жұрт шашлық пісіретін мангал ала бастады. 9. the ∼ of smth істің барысы/ аяқ алысы ♦In the normal run of things the only exercise he gets is climbing in and out of taxis. – Әдетте оның бар шынығатыны – таксиге мініп-түсу ғана. ♦(BrE) Wise scored in the 15th minute against the run of play. – Уайз 15-минутта күтпеген жерден гол салды. 10.жол (шаңғыға, тб арналған) ♦a ski run – шаңғы жолы 11. (NAmE) сайлауға түсу/ қатысу ♦He made an unsuccessful run for governor in 2008. – Ол 2008 жылы губернатор сайлауына қатысты. ♦Senator Blake's run for the presidency – Сенатор Блейктің президент сайлауына түсуі 12. (мал) қора, (тауық, құс) күрке ♦a chicken run – тауық күрке 13. (музыкалық) ырғақ, ритм 14.ойыншының қолындағы ойын карталары 15. = ladder (A2) 16. the ∼s (informal) = diarrhoea 17. (idm) *the common, general, ordinary, usual run (of smth) жалпы, әдеткі, кәдімгі ♦He was very different from the general run of movie stars. – Ол жалпы фильм жұлдыздарынан өте өзгеше еді. *give smb a (good) run for their money [қ-з: money (4)] *give smb/get/have the run of smth еркіне қою, қалағанынша ерік беру *Her dogs have the run of the house. – Оның иттеріне үйде ешбір тыйым жоқ. *in the long run ұзақ мерзімде/ кезеңде ♦This measure inevitably means higher taxes in the long run. – Бұл шара - ұзақ мерзімді перспективада салық өспей қоймайды деген сөз. *in the short run қысқа мерзімде/ кезеңде ♦In the short run, unemployment may fall. – Жақын кезеңде жұмыссыздықтың азаюы мүмкін. *on the run a) қашып жүрген, ұстатпай жүрген ♦He's on the run from the police. – Ол полициядан қашып жүр. ♦The prisoners have now been on the run for three days. – Түрмеден қашқандар енді үш күн ұстатпай жүр. b) (informal) отырмаған, шапқылаған ♦I've been on the run all day and I'm exhausted. – Күні бойы тыным таппай, енді қалжырадым. ♦I usually eat breakfast on the run. – Әдетте таңғы асты жүріп жүре ішемін.