rush [rʌʃ] A.v 1. ұмтылу, зулау, заулау, зымырау, жүйтку, құйғыту, жан ұшыру, ытқу, жөңкілу, асығу, асығып-аптығу, шапқылау ♦We've got plenty of time; there's no need to rush. – Уақытымыз жетеді, асығып қажеті жоқ. ♦the sound of rushing water – жөңкілген су дауысы ♦Don't rush off, I haven't finished. – Асықпа, әлі бітірмедім ♦I've been rushing around all day trying to get everything done. – Бәрін тындырмақ болып, күні бойы шапқылаумен болдым. ♦The children rushed out of school. – Балалар мектептен атып шықты. ♦Firefighters rushed to the scene and extinguished the blaze. – Өрт сөндірушілер зулап жетіп, жалынды сөндірді. ♦His wife immediately rushed to his defence. – Әйелі бірден оны қорғай бастады. ♦My college years seemed to rush past. – Колледждегі кездерім зу ете шыққандай болды. ♦She rushed back upstairs. – Ол кейін қарай ұмтылды. ♦∼ to do smth People rushed to buy shares in the company. – Жұрт компания акцияларын жапатармағай сатып ала бастады. ♦∼ smth We had to rush our meal. – Асымызды апыл-ғұпыл ішуімізге тура келді. 2. ∼ smb/smth тез жөнелту, асықтыру, тез жеткізу, заулату, тб ♦Ambulances rushed the injured to the hospital. – Жедел жәрдемдер жаралыларды ауруханаға жүйтки тасыды. ♦Relief supplies were rushed in. – Тез арада жәрдем жеткізілді. ♦He was rushed home immediately. – Оны бірден үйіне заулатты. 3.асығу, асығып-аптығу ♦We have to be careful not to rush to judgment. – Алдын-ала пікір айтуға асықпайық. ♦∼ into doing smth We don't want to rush into having a baby. – Балалы болуға асыққымыз келмейді. ♦∼ smb Don't rush me. I need time to think about it. – Мені асықтырма(ңыз-дар)шы. Ойлануым керек. ♦∼ smb into smth/into doing smth I'm not going to be rushed into anything. – Біреуге бола асықпаймын. 4. (су, ауа, тб ж) ытқу, заулау, жөңкілу, тб ♦The water rushed in through the hole in the ship's hull. – Су кеме корпусындағы тесіктен ытқи кіріп жатты. 5. ∼ smb/smth шабуылдау, басып алу ♦They rushed the guard and stole his keys. – Олар күзетшіні бас салып, кілттерін алып алды. ♦Fans rushed the stage after the concert. – Концерттен кейін тілеулестер сахнаға шығып кетті/ сахнаны басып алды. 6. ∼ smb (NAmE) (ұйымға алу ниетімен студенттерге, тб) көңіл бөлу 7. (idm) *be rushed/run off your feet аяққа тыным болмау, қолы босамау, жұмысы өте көп болу *fools rush in (where angels fear to tread) [қ-з: fool (А4)] 8. (phr v) *rush smth out тез басып/ жасап шығару ♦The editors rushed out an item on the crash for the late news. – Редакторлар апат жайлы хабарды соңғы жаңалықтарға енгізу үшін асықты. ♦Thousands of copies of the CD have been rushed out in time for Christmas. – CD-дің мыңдаған данасын рождествоға үлгіру үшін асығып шығарды. *rush smth through | rush smth through smth (мәселемен, тб) тез айналысу, тез қарастыру ♦to rush a bill through Parliament – заң жобасын парламентке асықтыру ♦The product was rushed through without adequate safety testing. – Өнімді тиісті сақтық сынақтарынан өткізбестен, асықтырды. B.n 1. ұмтылу, тб [қ-з: rush (А1)] ♦∼ for smth Shoppers made a rush for the exits. – Дүкенге келушілер шығар есіктерге ұмтылды. ♦in a ∼ The words came out in a rush. – Сөздер тез жетті. ♦in the ∼ to do smth She was trampled in the rush to get out. – Жұрт жан ұшыра шығар есікке ұмтылғанда оны таптап кеткен. ♦They listened to the rush of the sea below. – Ол төмендегі теңіздің буырқанысын тыңдады. ♦The door blew open, letting in a rush of cold air. – Есік серпіле ашылып, ішке суық ауа сау ете енді. ♦He had a rush of blood to the head and punched the man. – Ол ашуын тежей алмай қалып, әлгі кісіні бір қойды. ♦∼ towards smth (figurative) The ancient art is all but lost in the city's headlong rush towards industrialisation. – Қала индустриализацияға жан ұшыра ұмтылғанда көне өнер біржолата ұмыт болды. ♦an adrenaline/a sugar rush – адреналиннің/ қанттың шапшуы 2. асығыстық, қарбалас, қысылтаяң, дүрлігіс, дүрлігу, қауырт жағдай, апыр-топыр жағдай ♦What's the rush? – Бұл не қарбалас? ♦‘I'll let you have the book back tomorrow.’ ‘There's no rush.’ – «Кітапты саған ертең қайтарып беремін». «Асықпай-ақ қой». ♦in a ∼ I can't stop - I'm in a rush. – Кідіре алмаймын. Асығулымын. ♦The note looked like it had been written in a rush. – Жазу асығыс жазылғандай көрінді. ♦in a ∼ to do smth I’m not in any rush to get back to work. – Жұмысқа оралуға асықпаймын. ♦The trip to Paris was all a mad rush. – Парижге құйғытып барып келдік. ♦a rush job – тез істелген жұмыс 3.қауырттық, қарбалас, қысылтаяң, асығыстық, дүрлігіс, абыр-сабыр, абыр-дабыр, опыр-топыр ♦Book now and avoid the last-minute rush. – Қазір заказ бер де асықпа. ♦The evening rush was just starting. – Кешкі қарбалас басталып жатқан. ♦the Christmas rush – рождество қарбаласы ♦We've had a rush on at the office, dealing with the backlog of orders. – Жұмыс үйіліп қалып, офисте біраз опыр-топыр болдық. 4. ∼ (of smth) (сезім ж) ытқу, бұрқ ете қалу, толқып кету, тб ♦a sudden rush of excitement/fear/anger – елең ете қалу/ шошып кету/ ашуланып кету ♦Parachuting will give you the rush of a lifetime. – Парашютпен секіргенде жан-дүниең астаң-кестең болады. ♦Users of the drug report experiencing a rush that lasts several minutes. – Есірткіні/ Наркотикті ішкендер бірнеше минутқа жалғасатын көңіл ытқысы/ толқысы болатынын айтты. 5. ∼ (on/for smth) сұраныстың тез артуы (syn: run) ♦There's been a rush on umbrellas this week. – Бұл аптада қолшатыр іздеген жұрт көп. 6.ши, елекшөптер (ситниковые), жекен, жұнқаш, шабындық ♦rush matting – ши төсем 7. ∼es (specialist) әлі редакцияланбаған фильм, видео 8. (футболда) доппен ұмтылу ♦Johnson carried the ball an average of 6 yards per rush. – Джонсон әр ұмтылғанда бес метр доппен қозғалды. 9. [қ-з: rush (А6)] ♦a rush party – студенттер кеші 10. (idm) *give smb/get the bum’s rush (informal, especially NAmE) біреуді кетіру/ айдап шығу ♦He was soon given the bum's rush from the club. – Көп ұзамай клуб оны айдап шықты.