safe [seɪf] A.adj (safer, safest) 1.қауіпсіз, аман (opp: unsafe) ♦The children are quite safe here. – Балалар үшін бұл жер өте қауіпсіз. ♦She didn't feel safe on her own. – Ол өзі жалғыз қауіптенді. ♦Will the car be safe parked in the road? – Машинаны жолға қойса қауіп жоқ па? ♦They aimed to make the country safe from terrorist attacks. – Олар елді террористік әрекеттерден қауіпсіз еткісі келді. ♦Nobody is safe from suspicion at the moment. – Дәл қазір бәрінен (барлық адамнан) күдіктенуде. ♦Your secret is safe with me. – Бұл сырың жайлы тіс жармаймын. ♦Here's your passport. Now keep it safe. – Міне паспортың(ыз). Енді байқап ұста(ңыз). ♦We have been assured that our jobs are safe. – Бізге жұмыстан шықпайсыңдар деп сендірді. ♦I felt safe and secure here. – Осында өзіме қалқа тапқандай сезіндім. 2.қауіпсіз (opp: unsafe) ♦a safe and effective remedy for coughs and colds – жөтел мен тұмауға арналған қауіпсіз әрі тиімді дәрі ♦Is the water here safe to drink? – Бұнда су ішуге жарамды ма? ♦Acupuncture is safe for most people. – Инемен емдеу адамдардың көбіне қауіпсіз. ♦The street is not safe for children to play in. – Көше балалардың ойнағанына қауіпті. ♦It is one of the safest cars in the world. – Бұл – әлемдегі ең қауіпсіз машиналардың бірі. ♦Builders were called in to make the building safe. – Үй-жайды қауіпсіз ету үшін құрылысшыларды шақырды. ♦Many people are without safe drinking water. – Көптеген адамдардың ішуге жарамды суы жоқ. 3.аман, сау, аман-сау, аман-есен ♦We were glad she let us know she was safe. – Ол оның аман екенін айтқанда, қуандық. ♦The missing child was found safe and well. – Жоғалған бала аман-есен табылды. ♦They turned up safe and sound. – Олар аман-есен келді. ♦A reward was offered for the animal's safe return. – Аңды аман-есен қайтарғаны үшін сыйлық берді. ♦Take care of yourselves and stay safe. – Байқаңыздар, сақ жүріңіздер. 4.қауіпсіз (opp: unsafe) ♦We all want to live in safer cities. – Бәріміздің (де) қауіпсіз қалаларда тұрғымыз келеді. ♦Keep your passport in a safe place. – Паспортыңды дұрыс жерге қой. ♦We watched the explosion from a safe distance. – Жарылысқа қауіпсіз қашықтықтан қарадық. ♦It was a relatively safe place compared with other countries. – Басқа елдерге қарағанда бұл қауіпсіз(деу) жер еді. 5.қауіпсіз; дұрыс ♦Electricity shares are still a safe investment. – Электр (саласының) акциялары - әлі де қауіпсіз инвестиция. ♦As I peruse the menu the only safe bet is the grilled chicken. – Менюді қарасам, дұрыс жалғыз(-ақ) нәрсе тауық грилі екен. ♦It’s safe to assume (that) ... - ... деп пайымдауға болады. ♦It's safe to say ... - ... деп айтуға болады. ♦It would be safer to take more money with you in case of emergency. – Бір жағдай туып қалса, өзіңмен бірге көбірек ақша алған дұрыс болады. ♦(disapproving) The show was well performed, but so safe and predictable. – Шоу жақсы орындалды, бірақ (та) жалаңдау шықты. 6.сақ, байқап істейтін (syn: careful) ♦a safe driver – сақ шофер/ жүргізуші 7.нақты, бұлтартпас (дәлел) (opp: unsafe) ♦a safe verdict – соттың әділ шешімі 8. (BrE, informal) сенімді, дұрыс, жақсы ♦I like him, he's safe. – Ол маған ұнайды, ол – дұрыс. ♦That kid's safe. – Ол – жақсы/ дұрыс бала. 9. (BrE, informal) иә, болады, жақсы, тб ♦‘You want some?’ ‘Yeah, safe.’ – «Тағы қалайсың ба?» «Жақсы». 10. (idm) *better safe than sorry (saying) сақтықта қорлық жоқ ♦She decided to avoid travelling at night. Better safe than sorry. – Ол түнде жолға шықпағанды жөн көрді. Сақтықта қорлық жоқ. *a good/safe/sure bet (табысты, лайықты, орынды) болуы мүмкін нәрсе ♦He's a good bet to earn a spot on the US team. – Оның АҚШ құрамасына мүше болатын мүмкіндігі мол. ♦Clothes are a safe bet as a present for a teenager. – Жеткіншектерге киім сыйлаған дұрыс болады. *in safe hands | in the safe hands of smb біреудің қарамағында аман-есен ♦I've left the kids in safe hands - with my parents. – Балаларымды аман-есен ата-анамның қарамағына тастап кеттім. ♦Their problem was in the safe hands of the experts. – Олардың проблемасын енді эксперттер мұқият зерделеуде. *on the safe side қиындықтан сақ болу үшін, қиындыққа ұрынып қалмас үшін ♦I took some extra cash just to be on the safe side. – Бірдеңе бола қалса деп өзіммен біраз ақша ала шықтым. *play (it) safe сақ болу, байқау, ұрынбау ♦Play safe - keep out of the sun in the middle of the day. – Байқа, тал түсте күннен аулақ жүр. *(as) safe as houses (BrE) өте қауіпсіз *safe in the knowledge that бірнәрсеге көзі жеткеннен/ жақсы білгеннен өзіне сенімді болу ♦She went out safe in the knowledge that she looked fabulous. – Өзінің керемет көрініп тұрғанын біліп ол тысқа шықты. *a safe pair of hands [қ-з: pair (A6)] B.n сейф (бағалы заттар, жеке қағаздар сақтайтын, отқа күймейтін металл шкаф)