safely [ˈseɪfli] adv 1.аман, сау, аман-сау, аман-есен, қауіпсіз ♦The plane landed safely. – Ұшақ аман-сау қонды. 2.қауіпсіз, нұқсансыз ♦The bomb has been safely disposed of. – Бомбаны нұқсансыз залалсыздады. ♦The money is safely locked in a drawer. – Ақшаны тартпаға салып, кілттеп қойған. 3.дұрыс ♦We can safely say that he will accept the job. – Ол жұмысты қабыл алады деп айта беруге болады. 4.дұрыс ♦I thought the kids were safely tucked up in bed. – Балалар төсекте дұрыс ұйықтап жатқан болар деп ойлағанмын. ♦The election was safely out of the way, at last. – Сайлау әйтеуір дұрыс өтті. 5.нұқсансыз, қауіпсіз ♦These recommendations can safely be ignored. – Бұл ұсыныстарды елемей(-ақ) қоюға болады.