safety [ˈseɪfti] n (pl -ties) 1.қауіпсіздік, амандық, қорғалғандық, сақтық, дұрыстық ♦in ∼ a place where children can play in safety – балалар қауіпсіз ойнайтын орын ♦He was kept in custody for his own safety. – Оны қорғау үшін қамауда ұстады. ♦measures to ensure patient safety – науқастың/ пациенттің амандығын қамдау шаралары ♦I'm worried about the safety of the treatment. – Емнің дұрыстығын ойлап қобалжимын. ♦a local campaign to improve road safety – жол қауіпсіздігін арттыруды көздеген жергілікті науқан/ кампания ♦People worry about food safety. – Жұрт азықтың қауіпсіздігін ойлап уайымдайды. ♦safety standards/measures/precautions – қауіпсіздік/ сақтық стандарттары/ шаралары/ ескертулері ♦safety concerns/issues – қауіпсіздік мәселелері ♦The airline has an excellent safety record. – Авиалинияның қауіпсіздік көрсеткіші – үздік. ♦a safety hazard – қауіп ♦a safety officer – қауіпсіздік қызметкері 2.қауіпсіз орын, қалқа, таса, ық, пана ♦They reached safety seconds before the building was engulfed in flames. – Үй-жай өртке оранар сәттің алдында олар тасаға барып үлгерді. ♦to ∼ I managed to swim to safety. – Жүзіп, қауіптен құтылып кеттім. ♦from the ∼ of smth We watched the lions from the safety of the car. – Арыстандарға бізге қалқа болар машинадан қарадық. 3. = safety catch 4. (idm) *safety first (saying) ең алдымен – қауіпсіздік, қауіпсіздік – ең басты нәрсе *there’s safety in numbers (saying) көппен/ топпен бірге болғанда адам өзіне сенімді болады