sail [seɪl] A.v 1. (қайықпен, кемемен желкен не мотор пайдалана) жүзу, қозғалу, (сумен) жүру ♦to sail into harbour – айлаққа қарай жүзу ♦The ferry sails from Newhaven to Dieppe. – Паром Ньюһәвеннен Дьепке барады. ♦one of the first people to sail around the world – әлемді сумен айналып шыққан тұңғыш адамдарың бірі ♦The flotilla will sail north to Hawaii. – Флотилья солтүстікке, Гаваиге жүзеді. ♦∼ smth to sail the Atlantic – Атлантикамен жүзіп өту 2. (also go sailing) желкенді қайықпен жүзу/ сапарлау ♦We spent the weekend sailing off the south coast. – Апта соңы оңтүстік жағалауда қайықен жүздік. ♦Do you go sailing often? – Қайықпен көп жүзесің(із) бе? ♦the first woman to sail solo around the world – жалғыз өзі қайықпен әлемді айналып шыққан алғашқы әйел ♦∼ smth She sails her own yacht. – Оның өз яхтасы бар. ♦He managed to sail the boat between the rocks. – Ол қайықты жартастардың арасынан өткізе алды. 3. (қайықпен, кемемен) жолға шығу ♦We sail at 2 p.m. tomorrow. – Ертең сағат түскі екіде қайықпен жолға шығамыз. ♦∼ for smth He sailed for the West Indies from Portsmouth. – Ол Уэст-Индиезге кемемен барды. ♦The ferry sails for Southampton at 5.30. – Паром Саутгемптонға сағат 5.30-да шығады. 4. «жүзу», жылжу, қозғалу ♦clouds sailing across the sky – аспанмен жүзген бұлттар ♦The ball sailed over the goalie's head. – Доп қақпашының төбесінен өте шықты. ♦She sailed past, ignoring me completely. – Ол мені елеместен өте шықты. ♦An owl sailed silently out of the branches. – Үкі бұтақтардан үнсіз ұшып шықты.5. (idm) *sail close to the wind қауіпке/ тәуекелге бару 6. (phr v) *sail through (smth) емтиханнан/ сынақтан қиындықсыз өту B.n 1.желкен (парус) ♦As the boat moved down the river the wind began to fill the sails. – Қайық өзенмен жүзген сайын жел желкенді кере түсті. ♦under ∼ a ship under sail – желкен керген кеме ♦in the days of sail – кемелер желкенмен жүзген заман ♦The vessel can be propelled by oars or sail. – Кеме ескекпен не желкенмен жүзеді. 2.кемемен, қайықпен жүзу/ жүру/ сапар шегу ♦We went for a sail. – Сумен сапар шектік. ♦a two-hour sail across the bay – шығанақпен екі сағат жүзу ♦He took us for a sail up the river. – Ол бізді өзенмен қыдыртты. 3.жел тиірмені қалағы/ қанаты 4. (idm) *set sail (from/for…) (formal) желкен керу/ көтеру, сумен/ теңізбен жолға шығу ♦a liner setting sail from New York – Нью-Йорктен жолға шығатын лайнер ♦We set sail (for France) at high tide. – Су тасығанда (Францияға) кемемен шықтық. *take the wind out of smb’s sails (informal) «біреудің желкеніндегі желді басу», кенет мысын не ашуын басу ♦When I agreed to his suggestion at once, it really took the wind out of his sails. – Оның ұсынысына бірден келіскенімде, ол тосырқады да қалды. *trim your sails желкенді желге ыңғайлау/ тосу