same [seɪm] A.adj 1.сол, осы, бір, бірдей; сол/ осы сияқты ♦We have lived in the same house for twenty years. – Сол үйде жиырма жыл тұрып жатырмыз. ♦Our children go to the same school as theirs. – Балаларымыз солардыкі сияқты мектепке барады. ♦She's still the same fun-loving person that I knew at college. – Ол - мен колледжде білетін(дей) сол баяғы қалжыңбас адам. ♦This one works in exactly the same way as the other. – Бұл тура басқасындай жұмыс істейді. ♦They promise to meet again in the exact same place six months later. – Олар алты айдан кейін тура сол жерде жолығуға уәде беруде. ♦They both said much the same thing. – Екеуі де көбінесе бір нәрсені айтты. ♦He used the very same words. – Ол тура осы/ сол сөздерді айтты. ♦I resigned last Friday and left that same day. – Мен өткен жұмада қызметімді тастап, дәл сол күні кетіп қалдым. ♦I was relieved and sad at the same time. – Бір мезетте көңілім жеңілденді де, ортайды да. ♦Gary and I look more or less the same age. – Гәри мен менің жастарымыз шамалас. ♦I recognized a lot of the same people. – Сол баяғы адамдардың көбін таныдым. 2. (тура) сол/ осы сияқты, бірдей, бір, сондай, солай, осылай ♦I bought the same car as yours. – Тура сенікіндей машина (сатып) алдым. ♦She was wearing the same dress that I had on. – Мен не көйлек кисем, ол да соны киіпті. ♦The same thing happened to me last week. – Өткен аптада маған да осылай болған. ♦Most parents tend to raise their children in much the same way they were raised. – Ата-аналар өздері қалай өссе, балаларын да солай өсіргісі келеді. ♦Older adults may not get the same level of protection from the vaccine. – Вакцина қарттарды дәл сондай қорғамауы мүмкін. 3. (idm) *same old, same old (informal) жағдай сол баяғыдай, еш өзгеріссіз ♦‘How's it going?’ ‘Oh, same old, same old.’ – «Жағдай қалай?». «Сол баяғы қалып». *the same old story, stuff, nonsense, etc. (informal) сол баяғы әңгіме/ жарапазан ♦It's the same old story - budget cuts and government neglect. – Сол баяғы әңгіме – бюджеттің азаюы мен үкіметтің салақтығы. ♦The band's new album includes the same old stuff they've been playing forever. – Муз-қ топтың жаңа альбомына бұрыннан ойнайтын нәрселері енген. B.pron 1. the ∼ (as…) сол, солай, сөйтіп, сондай, сол/ осы сияқты ♦I would do the same again. – Мен тағы сөйтер едім. ♦I think the same as you do about this. – Бұл жайлы мен де сен сияқты ойлаймын. ♦Just do the same as me. – Әшейін мен сияқты істесеңші. ♦It is more of the same. – Бұл - шамамен сондай. ♦(informal) ‘I'll have coffee.’ ‘Same for me, please.’ – «Кофе ішемін». «Маған да соны». 2. the ∼ (as…) сондай, бірдей ♦There are several brands and they're not all the same. – Бірнеше брәнд түрі бар және олардың бәрі бірдей емес. ♦I'd like one the same as yours. – Сенікіндей алғым келеді. 3. the ∼ (BrE) сол (адам), өзі ♦Was that George on the phone?’ ‘The same.’ – «Телефонда Джордж болды ма?» «Иә, өзі». 4. (idm) *all/just the same сонда да, бәрібір, дегенмен де, қайткенде де, не болса да (syn: nevertheless) ♦He's not very reliable, but I like him just the same. – Ол онша сенімді емес, сонда да ол маған ұнайды. ♦‘Will you stay for lunch?’ ‘No, but thanks all the same.’ – «Түстеніп кетсеңші?». «Жоқ, бірақ рахмет». ♦All the same, there's some truth in what she says. – Бәрібір оның сөзінде бір шындық бар. *be all the same to smb бәрібір болу, айырмасы болмау ♦It's all the same to me whether we eat now or later. – Қазір тамақ ішсек те, кейін ішсек те маған бәрібір. ♦I'd rather stay here, if it's all the same to you. – Саған бәрібір болса, мен осында қалғым келеді. *one and the same [қ-з: one (А10)] *(the) same again (informal) тағы да сол (ішімдік, тб) ♦Same again, please! – Тағы да соны беріңізші! *same here (informal) (also slang same) мен де ♦‘I can't wait to see it.’ ‘Same here.’ – «Көргім келіп бара жатқанышы». «Мен де». *(the) same to you (informal) (also slang same) саған да, сен де ♦‘Happy Christmas!’ ‘And the same to you!’ – «Рождество құтты болсын!» «Саған да (соны тілеймін)!» ♦‘Get lost!’ ‘Same to you!’ – «Адасып кет!» «Сен де!» C.adv (usually the ∼) бірдей, сондай ♦We treat boys exactly the same as girls. – Ұлдарға да, қыздарға да бірдей қараймыз. ♦(informal) He gave me five dollars, same as usual. – Әдетінше ол маған бес доллар берді.