sample [ˈsɑːmpl; NAmE ˈsæmpl] A.n 1.үлгі, нұсқа, мысал, модель (образец) (сауалнама я шолу жүргізу үшін топ ішінен арнайы таңдамай алынған адамдар я заттар) ♦a random sample of students – студенттердің еркін үлгісі, арнайы таңдалмаған студенттер ♦The survey covers a representative sample of schools. – Шолу мектептерді барынша қамтыған. ♦a sample survey – қамтыма шолу ♦The current study has a larger sample size than earlier studies. – Қазіргі зерттеу бұрынғыларға қарағанда ауқымды. ♦We studied a large population sample. – Тұрғындардың көп бөлігін шолдық. 2.үлгі, нұсқа (образец) ♦a blood/urine/tissue/DNA sample – қан/ дәрет/ тін/ ДНК үлгісі ♦∼ of smth Samples of the water contained pesticide. – Суды тексергенде, құрамында пестицид болды. ♦to collect/obtain/take a sample – үлгі жинау/ алу ♦Her sample contained traces of the banned steroid. – Оның қанында тыйым салған стероид іздері болды. 3. үлгі, нұсқа, мысал, үзік, қиық (образец) ♦‘I'd like to see a sample of your work,’ said the manager. – «Жұмысыңмен танысқым келеді», деді менеджер. ♦a free sample of shampoo – шампуннің тегін нұсқасы/ үлгісі ♦Would you like a sample of the fabric to take home? – Матаның бір қиығын үйіңізге алғыңыз келе(ді) ме? ♦We looked at sample books to choose the fabric. – Мата таңдау үшін үлгі кітаптарға қарадық. B.v 1. ∼ smth тағамның дәмін татып көру; бірн-мен танысу/ көру ♦I sampled the delights of Greek cooking for the first time. – Грек тағамдарының алғаш рет дәмін татып көрдім. ♦He put his head out of the window and sampled the morning air. – Басын терезеден шығарып, таңғы ауаны жұтып көрді. 2. ∼ smb/smth (specialist) тексеру, зерттеу, шолу, сауалнама жүргізу ♦12 per cent of the children sampled said they prefer cats to dogs. – Жауап берген балалардың 12 проценті иттен гөрі мысықты жақсы көретіндерін айтты. ♦The survey was done using a group of 100 children randomly sampled from the school population. – Шолуды мектептегі жүз баланы еркін таңдап алып жүргізді. 3. ∼ smth (specialist) музыканың/ дыбыстың, тб бір бөлігін жазып алып жаңа муз-қ шығармада пайдалану