sanction [ˈsæŋkʃn] A.n 1. ∼ (against smb) санкция (белгілі бір елмен сауданы, байланысты азайтуды көздейтін ресми бұйрық) ♦Trade sanctions were imposed against any country that refused to sign the agreement. – Осы келісімге қол қоймаған кез-келген елге сауда санкциясы енгізіледі. ♦The economic sanctions have been lifted. – Экономикалық санкцияларды алып тастады. 2. (formal) рұхсат, санкция (syn: authorization) ♦These changes will require the sanction of the court. – Бұл өзгерістер үшін соттың рұхсаты керек. ♦Their ideas received official sanction at the meeting. – Олардың идеяларын/ ойларын жиналыс құптады. 3. ∼ (against smth) әрекет, қадам, шара (syn: penalty) ♦The ultimate sanction will be the closure of the restaurant. – Ақырғы шара ресторанның жабылуы болады. ♦We now have an effective sanction against the killing of whales. – Енді киттерді өлтіруге жол бермейтін пәрменді шарамыз бар. B.v 1. ∼ smth (formal) рұхсат беру ♦The government refused to sanction a further cut in interest rates. – Үкімет проценттік ставкаларды одан әрі кесуге рұхсат бермеді. 2. ∼ smb/smth (specialist) санкция енгізу, жазалау