sand [sænd] A.n 1.құм ♦a grain of sand – құм түйірі/ түйіршігі ♦coarse/fine sand – ірі/ ұсақ құм ♦Concrete is a mixture of sand and cement. – Бетон - құм мен цементтің шыламасы. ♦The children were playing in the sand. – Балалар құмда ойнап жатқан. ♦The resort has its own white sand beach. – Курорттың өз аққұм пляжі бар. ♦miles of golden sands – талай шақырым алтын (түстес) құм ♦the burning desert sands – шөлдің (дене) күйдірген құмы 2. (idm) *bury/hide your head in the sand [қ-з: head (А21)] *(draw) a line in the sand қатаң шек қою ♦It’s time to draw a line in the sand and stop allowing workplace bullying to continue. – Жұмыстағы әкіреңдеушілікке қатаң шек қоятын уақыт келді. *(the) shifting sands (of smth) «сусыма құмдар», аумалы-төкпелі жағдай B.v ∼ smth (down) ысқылап/ үйкелеп тегістеу