satisfaction [ˌsætɪsˈfækʃn] n 1.ризашылық, көңілі тоқтық, жаны жайлылық, қанағат сезімі, қанағаттанушылық ♦to gain/get/derive satisfaction from something – бірнәрседен жаны жай табу ♦a look/smile of satisfaction – риза бола қарау/ жымию ♦with ∼ She looked back on her career with great satisfaction. – Өзінің жүріп өткен еңбек жолына көңілі таси қарады. ♦He had the satisfaction of seeing his book become a bestseller. – Кітабының бестселлер болғанын көріп оның жаны жай тапты. ♦She didn't want to give him the satisfaction of seeing her cry. – Көз жасын көрсетіп, оны масаттандырғысы келмеді. ♦The company is trying to improve customer satisfaction. – Компания клиенттердің/ тұтынушылардың көңілінен шығуға тырысуда. ♦He was enjoying all the satisfactions of being a parent. – Ол ата-ана болу қуанышына бөленіп жүрген еді. 2.құмары қанғандық; мақсатына жетушілік ♦the satisfaction of sexual desires – тән құмарлығын қандыру ♦the satisfaction of your ambitions – амбициясын қандыру/ арман-мақсатына жету 3. (formal) мәселені реттеу/ жөнге салу ♦I complained to the manager but I didn't get any satisfaction. – Менеджерге шағымданғаныммен, көңіл көншітерлік жауап алмадым. ♦They agreed on a payment of £200 in full satisfaction of the debt. – Қарызды біржола(та) реттеу үшін олар £200 төлемге келісті. 4. (idm) *to smb’s satisfaction a) біреуді риза ету/ көңілін көншіту ♦The affair was settled to the complete satisfaction of the client. – Мәселе клиент толық риза болатындай шешілді. ♦The matter was resolved to our general satisfaction. – Мәселе біз риза болатындай шешілді. b) біреуді сендіру, дұрыс қарату ♦Can you demonstrate to our satisfaction that your story is true? – Бұл әңгіменің растығына бізді сендіре аласың ба?